Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 2.5.2024, 15:28
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Фатуалар

Мүмін адамға өзін-өзі өлтіруіне тыйым салынады, оны бұған не мәжбүрлесе де

Мәжбүр болған қажеттілік кезінде өзін-өзі өлтіру рұқсат етілетіндігі туралы пікір – қате болып табылады. Шариғат мұсылман адамға өзін-өзі қасақана өлтіруге тыйым салады. Аллаһ Тағала мүміндерге былай деп айтады: «Және өздеріңді-өздерің (бір-біріңді) өлтірмеңдер. Өйткені Аллаһ сендерге ерекше мейірімді. Ал кім осы айтылғанды дұшпандықпен және зұлымдықпен істесе, оны жақында отқа саламыз. Бұл Аллаһқа оңай». (ән-Нисә; 29-30).

Аллаһ Тағала: «…дұшпандықпен және зұлымдықпен», – деп айтып, өзін-өзі не өзгелерді абайсыздықпен (қасақана емес) өлтіруді, сондай-ақ, Шариғат бойынша өлім жазасына лайық болғандарды, немесе мұсылман әмірі яки оның орынбасары тарапынан жаза тағайындалған адамды өлім жазасымен жазалауды (бұл аяттың үкімінен) бөліп шығарды.

Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сендерден бұрын өмір сүргендердің арасында жарақаты бар бір адам өмір сүрген еді. Ол, сабырлық танытпай, пышақты алып, өзінің қолын кесті. Төгіле бастаған қан ол өлгенге дейін тоқтамады. Ал сонда Аллаһ Тағала былай деді: «Құлым өзін-өзін өлтіріп, Мені озды және Мен оған Жәннәтті харам етемін». (1) әл-Бухари.

«Шәһидтік» актілер рұқсат етілген деп санайтындар өздерінің ұстанымын кез-келген сарбаз шайқасқа кірісіп, өзін-өзі қаза болуға қияды дегенмен дәйектейді. Ал, өлімді шарт ету де – тікелей өлтіруге тең өлтірудің себебіне айналады (дейді).
Бұл дәйекке жауап беріп, мен мынаны айтамын: өлтіру қасақана түрде шарт етілетін жағдай мен өлімнің себебі қасақана емес түрде туындатқызылатын жағдайдың арасында қияс жасау (оларды бірдей көріп, үкім шығару) – қате болып табылады. Қандайда бір адамның өлтірілуне қасақана себепкер болған адам – адам өлтіруші болып табылады. Егер адам өзінің өлуінің себебін өзі мақсатты түрде туындатса, онда оны өзін-өзі өлтіруші деп есептеу және ол өзін-өзі өлтіріп, Раббысының алдына озып шықты деп айту – әділетті болады, өйткені ол Аллаһ оған жеңілдік, немесе өлім, жеңіс, немесе дін үшін шәһидтік өлім сыйлауын күтпеді. Алайда, шайқас майданында қаза тапқан сарбаз өзін-өзі қасақана өлтірді деп есептеу – қате болып табылады. Ол мерзімінен бұрын өзін-өзі өлтірді деп айту да – тура сол сияқты, қате сөз болып табылады, өйткені, сарбаз қаза болуы жорамалданатын нәрсеге ұмтылып, Раббысының жолындағы шәһидтік өлімді көксесе де, ол мұны Аллаһ Тағаланың рахметі және мейірімімен жасаған сыйы ретінде күтеді.

Аллаһ Тағала былай деген: «Мүміндерден, Аллаһқа деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын құрбан қылды. Және кейбіреуі күтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады». (әл-Әхзаб; 23).

Сөйтіп, Аллаһ Тағала, бұл аятта қазірше тірі қалған мүмін ерлерді сипаттап, олар шайқаста және сертті орындауда бекем болып, өздерінің мерзімін күтетініне нұсқады. Ал, өлімді күту оған деген Аллаһ тыйым салған мерзімнен бұрын ұмтылумен үйлеспейді.

Әбу Саид әл-Худри, Аллаһ оған разы болсын, баяндаған хадисте Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Қиямет Күні Аллаһтың алдындағы ең жақсы джихад – бірінші қатарда шайқасатын және өлтірілгенінше бетін кері бұрмайтындардың джихады болады. Олар Жәннәттің ең жоғарғы мекендерінде болады және оларға Раббысы күлімсіреп қарайды. Ал егер Раббың кімге күлімсіреп қараса, оның есеп беруі болмайды». Бұл хадисті Ибн Әбу Шәйба (4/569), әт-Табәрани, Әбу Йәълә, Ибн әл-Мубәрак «әл-Джихад» кітабында, Әбу Нуәйм «әл-Хилья» кітабында т.б. жеткізген. Әл-Мунзири бұл хадистің жеткізушілері шыншыл деген. Шейх әл-Әлбәни «Сахих әт-Тарғиб уә әт-Тархиб» (1372) жинағында оны хасан деп берген.

Аталған аятта және хадисте айтылған нәрселер Шариғат мақұлдаған барлық әскери қимылдар мен ерліктерде болады. Алайда бұл ерліктер, егер мұсылман адам осыны өзін-өзі құрбан ету және ерлік ретінде жасаса, ол өз қолымен өзін-өзі өлтіре алады, деп есептейтіндер тарапынан қателікпен дәйек ретінде қолданылады.

«Шәһидтік» актілердің жақтаушылары өздерінің дәйектерінің қатарында Әбу Талха шайқас кезінде өзімен Пайғамбарды (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қорғағанын (2) , Али Меккеден Мәдинаға қоныс тебу (хиджра) түнінде Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) төсегіне жатқанын, ал бір мұсылман қорғаусыз және сауытсыз болған күйде көп санды кәпірлерге шабуыл жасағанын да атап кетеді(3) .

Бұл дәйектердің барлығына жауап беріп, мынаны айту қажет: қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін әрекеттерді жасаумен қоса Аллаһ Тағаланың рахметін, Оның әмірі мен шешімін күту – Шариғат мақұлдайтын әскери операциялардың және ерліктердің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады, алайда олар мерзімнен бұрын асығыстықпен өлімге ұмтылумен сыйыспайды. Ал, өзін құрбан ету ретінде өзін-өзі мақсатты түрде өлтіретіннің әрекеті өзіне бір мерзімде істі орындауы мен мақсатқа жетуі болған күтуді қамтымайды. Жоқ, мұндай адам өзінің таңдауы бойынша өзін өлтіріп, өзінің жанын өзі алып, Раббысынынан озып кетеді.

Ескертпелер:

1. Өзін-өзі өлтіру актілерін рұқсат ететіндер бұл хадистің мағынасын жөнді түсінбеген. Олар Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) «Сабыр етпей» деген сөздеріне жармасып алып: «Дәл осы сөздер осы адамның әрекеті өзін-өзі өлтіру болғанына нұсқап тұр. Ал, өздерін жарып тастауға батылдығы жеткен муджәхидтерге келер болсақ, олар бұл әрекеттерді өмірлік қиындықтарға сабыр ете алмағандығынан жасамайды», – дейді.

Ешкім бұл ескертуді теріске шығармайды да. Алайда өзін-өзі өлтіру актілерінің жақтаушылары хадистегі басқа да өте маңызды сөздерге назар салмады, нақты айтқанда Аллаһ Тағаланың: «Менің құлым өзін-өзі өлтіріп, Мені өзды», – деген сөздеріне. Бұл сөздер сөзболып жатқан адамның өз қолымен өзін-өзіөлтіруге асыққанына нұсқайды. Міне осы – барлық өзін-өзі өлтірушілерді, суицидтің мотиві қандай болғанына қарамастан, біріктіретін нәрсе. Қалайша өзгеше болуы мүмкін, өйткені дұшпанмен күресуде нәтижелі және өзін-өзіөлтіруді талап етпейтін өзін-өзі құрбан етудің және өзін қиюдың жүздеген ерекше түрлері бар емес пе?!

Менің ойымша, өзін-өзі өлтіруді өздері айтпақшы «өзін құрбан ету» ретінде барушылар да сабырлықты жоғалтып, күдер үзді, өйткені ұсталып, жазаланудан қорқып, табандылық танытқысы келмей, осылайша дұшпаннан құтылуды көксейді.

Өзін-өзі өлтіруде олар дұшпанның өздері төзе алмайтын қинауынан құтылуды көреді. Бұл – күдерсіздік пен табансыздықтан өзге не? Сонымен бірге мен адамның шынайы ниеті жүректер мен жандар жасырып жатқанның барлығын білетін тек Аллаһқа ғана аян екендігін толығымен және тұтас мойындаймын.

2. Әнәс, Аллаһ оған разы болсын, Әбу Тальханың Ухуд соғысы кезінде садақ атып, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) алтында тұрғанын баяндаған. Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның артында қалқанның артында тұрғандай тұрды. Әбу Тальха керемет мерген еді. Әрбір жебесін атқан кезде, Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мойнын созып, ол кімге барып тигенін қарайтын. Сол кезде Әбу Тальха көкірегін керіп: «Уа, Аллаһтың Елшісі, Менің ата-анам сен үшін төлеу болсын! Сені оқ алмайды, өйткені менің көкірегім сенің көкірегіңнің алдында ғой!» – дейтін. Әбу Тальха Пайғамбардың алдыннан кетпей: «Мен табандымын, уа Аллаһтың Елшісі, мені өзің қажет деп санаған жеріңе бағытта және маған қалағаныңды бұйыр». (әл-Бухари).

(3)Әл-Бәйхақи өзінің«әс-Сунәнында», «Өз еркімен өлімге баратындар туралы» тарауында: «әш-Шәфиъи былай деп айтқан: «Бәдр күні ансарлардың біріне Пайғамбар осыда қандай игілік бар екендігін мәлімдегенде, ол қорғалмаған күйінде көпқұдайшылдардың тобына өзін тастап, қаза тапты». Әл-Бәйхақи: «Бұл адамның есімі – Әуф ибн Әфраа еді. Бұл жөнінде Ибн Исхақ атап кеткен», – деді. Тура сол тарауда әл-Бәйхақи Умейр ибн Әл-Хумәмның, Әнәс ибн ән-Нәдрдің және басқа да сахабалардың оқиғаларын келтіреді.

Әу Умар әл-Ғаззидің «Өзін-өзі өлтіру актілерінің және жарылыстардың ауыр зардаптары» атты кітабынан

 



Источник: http://kz.anti-irhab.ru
Категория: Фатуалар | Добавил: admin (26.05.2011) | Автор: Әу Умар әл-Ғаззи
Просмотров: 891 | Комментарии: 1 | Теги: ферва, зұлымдық, өзіне қол жұмсау, фатуа, терроризм, Джихад | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]