Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 21.11.2024, 10:20
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар

В категории материалов: 33
Показано материалов: 1-20
Страницы: 1 2 »

Сортировать по: Уақыты · Атауы · Рейтинг бойынша · Пікірлер бойынша · Қаралуы бойынша
2012 жылдың 28 шілдесі күні Алматы қаласындағы ішкі істер қызметкерлерін жауыздықпен өлтіру жағдайы еліміздің беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттердің бірі. Бұл істі кім істесе де немесе істетсе де Аллаһ білуші мұсылманмын деген есі дұрыс адамның ісі емес. Себебі, бұл тірлік діннен хабарсыз адамның іс-әрекетіне ұқсайды.
Мақалалар | Қаралды: 973 | Жариялаушы: admin | Күні: 09.08.2012 | Пікірлер (1)

Қадірменді бауырлар! Жыл бойы асығып күткен, күнәларға тәубе етіп ізгі амалдарға асығатын Қасиетті Рамазан айы да жақындап келеді. Аллаһ қаласа осы айдың соңғы он күндігінде Рамазан айын қарсы аламыз. Қасиетті айда көп ізгі амалдар жасауға, күнәларымызға тәубе етуге асығайық. Өйткені бұл ай мүмін адамның әр қадамына есеп беріп, амалдарына өте мұқият болатын ай. Рамазан айы, куәлік айы. Ол жақын арада бізге куәлік етеді. Біз оны жақсы күтіп алдық па?! Аллаһтың парыз еткен оразасын өз деңгейінде орындап жатырмыз ба?! Себебі Рамазан айы: «Ей ізгілік қалаушы, кел! Ей жамандық қалаушы тоқта» - деп келеді.

Мақалалар | Қаралды: 941 | Жариялаушы: admin | Күні: 19.07.2012 | Пікірлер (1)

Ғиба – бұл адам туралы, оған ұнамайтын нәрсені айту. Оған денесіндегі кемшілік, діні мен дүниесіндегі, тәртібіндегі, бала шағасы, әйелі мен құлдарындағы, тәіпті оның киімдеріндегі, жүрісі мен оның көтеріңкі көңіл-күйіндегі немесе тұңжыраған түріндегі, әрі сол сияқты, соған қатысты нәрселердегі айыптар (туралы айту) жатады. Сонымен қатар, осы кемшіліктер жайлы сөзбен айтылса да, ишарамен айтылса да, ымдаумен айтылса да – бәрі бір
Мақалалар | Қаралды: 983 | Жариялаушы: admin | Күні: 10.06.2012 | Пікірлер (1)

Белгілі бір жерің бос аймақ емес, қабір екендігін белгілеу шариғатта мақұлданатын амал болып табылады. Ал қабірді онда жатқан адамды нақты белгілеп көрсету мақсатында қандай да бір затпен белгілеу мақұлданатын емес, бірақ рұқсат етілген амал.
Мақалалар | Қаралды: 927 | Жариялаушы: admin | Күні: 29.04.2012 | Пікірлер (1)

Соңғы кезде өздерін жалған түрде білімге телитін діни сауаты төмен адамдардың арасында имам Абу Ханифаны (Аллаһ оны рахым етсін) қаралау сөздері жиілеп кетті. Олар жауапкершілігі ауыр болған «Имам Абу Ханифа бидғатшы болған және әһлю-Суннаға қатысы болмаған» деген  сөздерді айтады. Сондай-ақ осы адамдардың мәлімдемелеріне сәйкес, мұсылмандарда төртеу емес, тек үш қана сүннеттік мазхаб бар-мыс. Олар осынысымен имам Абу Ханифа мазхабын әһлю-Суннадан шығаруда.
Мақалалар | Қаралды: 1150 | Жариялаушы: admin | Күні: 04.04.2012 | Пікірлер (1)

Мен «Муслимун» газетінде жарияланған шейх Мухаммад Насыруддин әл-Әлбанидің Аллаһтың түсіргеніне негізделмей үкім ететіндерді дәлелсіз күпірлікте айыптаулар туралы қойылған сұраққа берген пайдалы да, құнды жауабымен танысып шықтым.
Әрбір осындай адамды тек оның амалдарының негізінде ғана күпірлікте айыптау, егер айыптаушыға ол адамның мұны жүрегінде рұқсат етілген деп санағаны айқын болмайынша, ешкімге рұқсат етілмегендігін түсіндіріп, шейх, менің ойымша, дұрыс және мүміндердің көзқарастарына сәйкес келетін жауап берді. Дәйек ретінде ол Ибн Аббастың, Аллаһ оған разы болсын, және басқа да біздің алдыңғы салиқалы буын өкілдеріміздің сөздеріне жүгінеді.

Мақалалар | Қаралды: 1003 | Жариялаушы: admin | Күні: 02.02.2012 | Пікірлер (1)

Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән, оның құлы әрі елшісі пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның жанұясына және сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!

Расында Аллаһтың бізге берген нығметтерінің бірі — бізге көптеген жақсылықтарға жететін әрі молдаған сауаптарға ие болатын маусымдарды нәсіп етуі.

Мақалалар | Қаралды: 864 | Жариялаушы: admin | Күні: 08.11.2011 | Пікірлер (1)

Расында ислам діні мұсылмандарды ең жоғары мінез-құлыққа шақырады және кез-келген жаман қылықтардан қайтарады. Пайғамбарымыз саллаЛлаху алейхи уа саллям өте көркем мінезді еді. Мінезінің жақсы болғаны себепті қаншама дінге жау болып жүрген адамдар аяғында оның ардақты сахабаларына айналды. Аллаһ Тағала өзінің елшісін мадақтап, қияметке дейін оқылатын:

{إنك لعلى خلق عظيم}

«Расында сен өте ұлы мінез құлықтысың»-деген аят түсірді.

Мақалалар | Қаралды: 896 | Жариялаушы: admin | Күні: 16.10.2011 | Пікірлер (0)

Ақырғы уақытта сиқырлық пен көріпкелдік жолдарымен емдейтін және өзін емшімін деп жариялаушылар саны артуда, тіпті кейбір елдерде кеңінен таралып, қара халықтың білімсіздігін пайдаланғандықтары үшін бұл істерде мұсылмандар-ға және исламға өте үлкен қатер бар екенін баяндауды Аллаһ және оның пенделері үшін насихат бабынан деп білдім.

Аллаһтан жәрдем тілей тұра былай деймін: Ғұламалардың келісімі бойынша шариғатта дәрілермен емделуге рұқсат етіледі. Сондықтан мұсылман адам өзінің ауыруын тексерту үшін және оны шариғат рұқсат еткен дәрілермен емдеуі үшін дәрігерге баруы керек. Өйткені бұл — әдеттегі себеп-терді қылу бабына жатады және Аллаһқа тәуекел етуге қайшы келмейді. Аллаһ  өз пенделеріне ауыру түсірді, сонымен бірге оның емін де түсірді. Сол емді білгені білді, білмегені білмеді. Бірақта Аллаһ өзінің пенделерінің шипасын оларға харам еткен нәрселерінде қылмады.

Мақалалар | Қаралды: 1227 | Жариялаушы: admin | Күні: 16.10.2011 | Пікірлер (0)

Таухид рубубия таухидтің үш түрінің біріне жатады. Бірақ та таухидтің бұл түрін ғана мойындаған адам таухидті толық іске асырған болмайды. Өйткені пайғамбарлардың жіберілген мақсаттары бұл емес. Олардың шақырған нәрселері таухид улуһия еді. Сондықтан адам қанша Аллаһтың жалғыз өзі ғана жаратушы, өлтіруші, тірілтуші деп иман келтірсе де, құлшылықты тек осы істер оның қолында болған Аллаһқа ғана арнамаса, оның рубубияны мойындауы — оны тозақтан аман алып қала алмайды.
Мақалалар | Қаралды: 828 | Жариялаушы: admin | Күні: 16.10.2011 | Пікірлер (0)

Исламның екінші рүкіні намаз. Кімде-кім намазға сақ болса — дініне сақ болғаны. Кімде-кім намазға немқұрайлы болса, немесе оны тастаса— дінін тастағаны. Ақыретте амалдардың ішіндегі ең бірінші сұралатын амал—намаз, егер ол толық болса, басқа ғибадаттар да толық болады. Ал егер ол кем болса, басқасы да кем болады. Содықтан намазға өте сақ болуларыңыз керек. Аллаһ құранда:

{حَافِظُواْ عَلَى الصَّلَوَاتِ والصَّلاَةِ الْوُسْطَى وَقُومُواْ لِلّهِ قَانِتِينَ}

«Намаздарға және орта намазға сақ болыңдар әрі намазда Аллаһқа мойынсұнған күйде тұрыңдар»-деді.[1]
Мақалалар | Қаралды: 800 | Жариялаушы: admin | Күні: 10.10.2011 | Пікірлер (0)


«Үгіт-насихат етіңіз, өйткені ол үгіт-насихаттар мүміндерге пайда береді»[1],-деген сөзіне амал етіп, содай-ақ:

وَتَعَاوَنُواْ عَلَى الْبرِّ وَالتَّقْوَى وَلاَ تَعَاوَنُواْ عَلَى الإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ 

«(Ей, момындар) жақсылық және тақуалық жолын-да бір-бірлеріңе жәрдемдесіңдер, күнә және шектен шығу жолында жәрдемдеспеңдер!»[2]-деген сөзіне және

وَالْعَصْرِ, إِنَّ الْإِنسَانَ لَفِي خُسْرٍ, إِلَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَتَوَاصَوْا بِالْحَقِّ وَتَوَاصَوْا بِالصَّبْرِ

«Асрға серт, барлық адамзат зиян шегуде. Тек иман келтірген және игі амалдар істеген, бір-бірлеріне шындықты үгіттескен және осы шындық жолында сабыр етуді үгіттескендер ғана зиян шекпейді»
Мақалалар | Қаралды: 910 | Жариялаушы: admin | Күні: 10.10.2011 | Пікірлер (0)

Құрметті жамағат! Аллаһ Тағала істеген құлшылық ғибадаттарыңызды қабыл етіп, оларды пайғамбарымыздың сүннетіне сай келуін, және ықыласты түрде тек Аллаһ үшін болуын нәсіп етсін!

Аллаһ Тағала баршамызды күналарымыздан тәубе етуімізді және тәубемізді қабыл етіп барлық күналардан ұзақ болуға жәрдем берсін!

Аллаһ Тағала осы өмірімізді құлшылық етумен өткізуін және өлердегі ең ақырғы сөзіміз «Лә-иләһа-илла-ллаһ» болуын нәсіп етсін! Өйткені бұл пәни дүние бүгін бар, ертең жоқ. Аллаһ Тағала бізді осы өмірге тек қана оған құлшылық етуіміз үшін жаратты. Аллаһ Тағала зәриат суресінің 56-аятында бұл жайлы: «Жын мен адамзатты тек өзіме құлшылық етулері үшін жараттым»-деді. Кім оған мойынсынса, оған толық сауабы беріледі. Ал кім қарсы болса, оны қатты азапқа салады. Осы аяттардың мағынасынан адам баласы малдар мен жан-жануарлар сияқты бекерден бекерге жаратылмағандығын білуге болады. Олардың жаратылуынан болған мақсат — Аллаһқа құлшылық ету.
Мақалалар | Қаралды: 803 | Жариялаушы: admin | Күні: 10.10.2011 | Пікірлер (1)

Құрметті жамағат! Сіздер Раббыларыңызға мұқтажсыздар, сіздердің оған деген қажеттіліктеріңіз қас қағым сәтке де үзілмейді. Сондықтан оған құлшылық етіңіздер, оған шүкірлік-тәубе етіп оны зікір етуді тоқтатпаңыздар!
Аллаһ Тағала сіздердің оған жақын болуларыңыз үшін және сіздерді сауапқа бөлендіру үшін сіздерге бес уақыт намазды парыз етті. Ол намаздар жүректерді күнәлардан тазартады және пендені өзінің талап ететін ең жоғарғы мақсаты— жәннатқа жеткізеді. Бұл намаздар — пенде мен оның жаратушасы әрі ризықтандырушы болған Раббысының арасындағы бір байланыс. Адам намазға тұрарда өзінің сыртқы және ішкі дүниесін тазартады. Өйткені ол дәрет алуымен өзінің беті-қолын және аяқтарын жуады және дәреттен кейін:
"أشهد أن لا إله إلا الله وحده لا شريك له وأشهد أن محمدا عبده ورسوله اللهم اجعلني من التوابين واجعلني من المتطهرين"
«Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед оның құлы әрі елшісі деп куәлік етемін. Иә Аллаһ! Мені өте көп тәубе етушілерден және тазаланушылардан ете гөр!»- деп өзінің иманын жаңартумен және тәубе етумен ішкі дүниесін тазартады.
Мақалалар | Қаралды: 1167 | Жариялаушы: admin | Күні: 10.10.2011 | Пікірлер (0)

Барлық мақтау Аллаһқа тән! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның жанұясы мен барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!
Шариғаттың білімнен болған мақсаты— оған амал ету болып табылады. Мұсылман адам білім алғаннан кейін ол білімге амал қылуы керек. Өйткені амал білімнің жемісі және кім де-кім білген біліміне амал қылса Аллаһ оның білімін сақтайды және оған ол оны білмеген басқа білімді үйретеді. Сондай-ақ білімге амал қылу иманның күшеюінің себебі. Аллаһ Тағала айтады:«Тура жолды талап еткендерге Аллаһ һидаятты арттырды және оларға тақуалық берді-дейді. Имам Шаукани бұл аяттың тәпсірінде: «Аллаһ оларға иманды және діндегі білімді арттырды» - деді. Сондықтан міндетті түрде адам білген біліміне амал етуі тиіс. Сондай-ақ жоғарыда айтқанымыздай: амалдан бұрын білім болу керек. Өйткені амалдың шарттарының бірі — білім. Бұл жерде екі түрлі мәселеге тоқтап кетуіміз керек. Олардың біріншісі: Аллаһ Тағала адамға не нәрселерді жүктегенін білуі керек. Екіншісі:Адамның үйренген білімі міндетті түрде пайғамбарымыз Мұхаммедтіңтарапынан алынған болуы керек.
Мақалалар | Қаралды: 841 | Жариялаушы: admin | Күні: 10.10.2011 | Пікірлер (0)

Құрметті жамағат! Расында мұсылман үшін осы дүниедегі ең қымбат нәрсесі иман. Өйткені иман — біздің бақытты болуымыздың себебі. Қияметте барлық адамзат зиян шегуде болғанда тек қана иман келтірген, игі амал істеген, ақиқатты және сабырлықты бір-біріне өсиет еткендер ғана зиян шекпейді.
Мақалалар | Қаралды: 871 | Жариялаушы: admin | Күні: 09.10.2011 | Пікірлер (0)

Кез-келген адам өзінің әке-шешесін, бала-шағасы мен туған туысқанын жақсы көреді. Оларға көмек көрсетіп жақсылық қылғысы келеді. Бұл өте жақсы, мұсылманшылыққа лайықты іс. Ислам мұсылмандарды әке-шешесі мен туған-туысқандарға тірі кездерінде және олар қайтыс болғаннан кейін де оларға жақсылық қылуды үйретеді. Тірі кездерін алатын болсақ, Аллаһ құранда:"Раббың жалғыз оның өзіне құлшылық етулеріңді және ата-анаға жақсылық істеулеріңе бұйырады. Егер олардың біреуі немесе екеуі де сенің қол астыңда кәрілік жасына жетсе, оларға қарап: "Уф" деме және олардың сөздерін қайтарма! Оларға әрдайым жақсы сөз айт! Олар үшін мейірімділік пен кішіпейлік қанатын жай және де:"Раббым, олар мені сәбилік кезімде тәрбиелеп өсіргеніндей сен де оларды рахым ете гөр!"- деп дұға қыл!"-деді.
Мақалалар | Қаралды: 1222 | Жариялаушы: admin | Күні: 22.09.2011 | Пікірлер (1)

Аллаһ Тағала Құранда : «Жын мен адамзатты тек өзіме құлшылық етулері үшін жараттым»-деді. Бұл аяттағы: «құлшылық етулері үшін»-деген сөзді тәпсіршілер: «Аллаһты бірлеу үшін»-деп тәпсірлейді.

Аллаһты бірлеу — арап тілінде «Таухид» деп аталады. Аллаһ Тағала өзінің пайғамбарларын осы таухидті адамдарға жеткізу үшін жіберген және адамзат пен жын да осы үшін жаратылған. Адам баласына ең біріші парыз болған нәрсе де таухид болып табылады және шариғаттың басқа үкімдері осыдан кейін келеді. Жоғарыдағы аятта айтылғандай Аллаһ Тағала жын мен адамзатты тек өзіне ғана құлшылық етулері үшін жаратты, бұның мағынасы: аса пәк Аллаһты құлшылықта бірлеу, оны жалғыз деп білу, тек Оған ғана құлшылық ету.
Мақалалар | Қаралды: 1008 | Жариялаушы: admin | Күні: 22.09.2011 | Пікірлер (0)

Аллаһ Тағала осы өмірді, осы дүниені ақыретке кесіп өтетін бір жол қылды. Кімде кім өмірін Аллаһқа бой ұсынумен, Оған құлшылық етумен және құлшылықтың барлық түрінде Аллаһты бірлеумен әрі оның жіберген пайғамбарларына ергесумен өткізсе, амал қылу майданынан (осы өмірден) зор сыйлықтар мен табыстарға ие болатын майданға (ақыретке) аттанып, ондағы нығметтер мен қуаныштарға, ондағы құрмет пен бақытқа бөленеді. Ол сондай сыйлық, оның нығметі ешқашан таусылмайды, онда адамдар өлмейді, олардың кйімдері тозбайды, олардың жастық шақтары өтпейді, керісінше олар әрдайым нығметте, әрдайым амандықта, әрдайым жастық шақта бақытты өмір сүреді. Оларға Аллаһ тарапынан былай делінеді: «Әй, жәннәт иелері! Сендер бұнда өмір сүресіңдер де, ешқашан өлмейсіңдер, сендердің дендерің сау болады да ешқашан ауырмайсыңдар, сендер әрдайым жас боласыңдар да ешқашан қартаймайсыңдар, сендер нығметке бөленесіңдер де, ешқашан қорлық көрмейсіңдер»
Мақалалар | Қаралды: 872 | Жариялаушы: admin | Күні: 22.09.2011 | Пікірлер (0)

«Хауариж»  сөзі «хариджа» сөзінің көпше түрі болып табылады және топ (таифа) дегенді білдіреді.  Қз: «Фатх әл-Бари» 12/296. Исламдағы ең алғашқы діни жаңалық та дәл осы топқа тиесілі. Олардың шығуы Сүннетте айтылған болатын, әрі бұл оқиға ислам үмметінің тұрмыс-тіршілігіндегі жаңа кезеңнің – бүлік пен алауыздық (бөліну) кезеңінің басталуының белгісі болды. Хауариждердің адасушылықтарын әшкерелейтін және мұсылмандарды олардан сақтандыратын Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистері және оның сахабаларының айтқан сөздері көп. Қз.: «Фатх әл-Бари» 12/296.
Мақалалар | Қаралды: 875 | Жариялаушы: admin | Күні: 22.09.2011 | Пікірлер (0)

1-20 21-33