Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 21.11.2024, 14:25
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар

Иманға берік болу

بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ

والصلاة و السلام على أشرف الأنبياء و المرسلين

نبيينا محمد و على آله و أصحابه أجمعين.

Барлық мақтау бүкіл әлемнің раббысы, ерекше мейірімді, аса рақымды, қиямет күнінің патшасы Аллаһқа тән! Пайғамбарлар мен елшілердің ең шарапаттысы болған пайғамбарымыз Мұхаммедке және оның от басына әрі сахабаларының барлығына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!

{يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ اتَّقُواْ اللّهَ حَقَّ تُقَاتِهِ وَلاَ تَمُوتُنَّ إِلاَّ وَأَنتُم مُّسْلِمُونَ}

«Әй иман келтіргендер, Аллаһтан шынайы түрде қорқыңдар және тек мұсылман болған күйде ғана өліңдер!»

{ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَقُولُوا قَوْلا سَدِيدًا يُصْلِحْ لَكُمْ أَعْمَالَكُمْ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ وَمَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَقَدْ فَازَ فَوْزًا عَظِيمًا }

«Әй иман келтіргендер, Аллаһтан қорқыңдар және тура сөз сөйлеңдер! Сонда Аллаһ сендердің амалдарыңды түзейді әрі күналарыңды кешіреді, кім Аллаһқа және оның елшісіне бойұсынса шынайы жеңіске жетеді!»

Құрметті жамағат! Расында мұсылман үшін осы дүниедегі ең қымбат нәрсесі иман. Өйткені иман — біздің бақытты болуымыздың себебі. Қияметте барлық адамзат зиян шегуде болғанда тек қана иман келтірген, игі амал істеген, ақиқатты және сабырлықты бір-біріне өсиет еткендер ғана зиян шекпейді. Аллаһ Тағала Асыр сүресінде айтады:

﴿وَالْعَصْرِ (1) إِنَّ الْإِنْسَانَ لَفِي خُسْرٍ (2) إِلَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَتَوَاصَوْا بِالْحَقِّ وَتَوَاصَوْا بِالصَّبْرِ (3)﴾

"Асырға серт! Адамзат зиян шегуде, тек иман келтіргендер, салиқалы амал істегендер және ақиқатты өзара өсиет еткендер әрі сабырлықты өсиет еткенде ғана зиянға ұшырамайды"[1]-деді.

Яғни кімде осы төрт сипат болса, солар бақыттылар. Ол сипаттардың ең біріншісі — иман. Сондықтан мұсылман адам өзінің иманына қатты көңіл бөлуі керек. Өйткені егер иманымыз түзу болса, одан шыққан амалдар да түзу болады, әрі қабыл етіледі. Қашан иманымызда бір шикілік болса, одан шыққан сөз де, амал да дұрыс болмайды әрі қабыл етілмейді. Сондай-ақ иман келтіргеннен кейін дінде, тура жолда берік болуымыз керек. Өйткені пайғамбарымыздың саллаөз үмметіне осыны бұйырған еді.

Абу Амр немесе Абу Амрота[2] Суфян Ибн Абдулла радиайтады: Мен пайғамбарымызға салла:

"يا رسول الله، قل لي في الإسلام قولا لا أسال عنه أحدا غيرك"

«Иә Аллаһтың елшісі, маған исламдағы бір сөз айтыңыз мен оны сізден басқа ешкімнен сұрамайын!»-дедім.

Сонда пайғамбарымыз салла:

"قل آمنت بالله ثم استقم"

«Аллаһқа иман келтірдім деп айт та соған берік бол!»-деп бұйырды дейді.

Хадистегі сахабаның: «Маған Исламда бір сөз айтыңыз, мен оны сізден басқа ешкімнен сұрамаймын»-деген сөздің мағынасы: «Маған барлық жақсылықты қамтитын, мағынасы толық баян етілген, оны сізден кейін басқа біреуден сұрауды қажет еткейтін сөзді айтыңыз» дегені.

Сонда пайғамбарымыз салла ол адамның сұрағына толық қанағаттандыратын жауапты екі ауыз сөзбен қайтарды. Ол екі ауыз сөз өзі қысқа болғанымен сахабидің сұрағанындай мағынасы анық, әр барлық жақсылықты қамтыды.

Оның біріншісі: «Аллаһқа иман келтірдім» деп айт-деді. Пайғамбарымыз саллаоған біріншіден тілмен Аллаһқа иман келтірдім деп айтуды бұйырды. Бұл жердегі «Иман келтірдім» деуі Құранда және сүннетте қалай келген болса, солай иман келтіру. Демек Аллаһты жаратуда, ризық беруде, істерді басқаруда бір деп білу. Сондай-ақ Аллаһқа ғана құлшылық ету және ең көркем есім-сипаттар Аллаһ Тағалаға тән деп иман келтіру. Сонымен бірге бұған ішкі және сыртқы амалдардың барлығы кіреді. Өйткені Ислам мен Иман егер бірге айтылса онда Ислам намаз, қажылық сияқты сыртқы амалдарды, ал Иман Аллаһқа, оның періштелеріне, және елшілері мен кітаптарына сену сияқты ішкі амалдарды білдіреді. Ал егер осы хадистегі сияқты жеке айтылса, онда ол ішкі де сыртқы да амалдарды қамтиды.

Аһлу-Сунна ақидасы бойынша иман деген не?

Иман ол: «Тілмен айту, жүрекпен сену және дене мүшелермен амал қылу».

Екіншісі: «Кейін соған берік бол!»-деді.

Демек «Иман келтірдім» дегеннен кейін адам дінді түзу ұстануы керек. Дінде тура болу — ол жүректегі иманға берік болу, сондай-ақ бұйырылған амалды істеуге, қайтарылған күнәлардан қайтуға берік болу.

Иманға қалай берік болады?

Білім алып, Аллаһты танып, ақыретті еске алып иманын жаңарту арқылы, сондай-ақ құлшылықты тек бір Аллаһқа арнап таухидті ұстанумен және ширк пен рия-атақтан сақтанумен иманына берік болады.

Амалдарға қалай берік болады?

Амалды тек сүннетте қалай кеген болса және сахабалар қалай оны істеген болса тура солай істеумен және барлық бидағаттардан ұзақ болумен берік болады.

Пайғамбарымыз салла«Иман келтірдім деп айт та кейін берік бол»-деген екі ауыз сөзбен сахабиге және өзінің үмметіне барлық жақсылықты айтып жеткізді.

Осыған орай адамның жүрегімен иман келтіріп тілімен айтпауы немесе тілімен айтып жүрегімен сенбеуі жетпейді. Міндетті түрде үш нәрсе бірге болуы керек:

1-Тілмен айту.

2-Жүрекпен сену.

3- Дене мүшемен амал қылу.

Бұл хадисте иманның анықтамасы айтылған. Өйткені иман тілмен айту, жүрекпен сену және дене мүшемен амал қылу. Демек тілмен айтқаннан кейін оған берік болу жүрекпен және дінде дене мүшемен амал қылу арқылы болады. Жүрегінің тура болуына амалының тура болғаны белгі болады, ал амалының бұзылуы жүректің бұзылғанына белгі болады.

Аллаһ Тағала бізге өзінің кітабінда иман келтірген және имандарында тура болғандар үшін қандай сауаптар мен сыйлықтар әзірленгендігін баяндайтын айттар түсірген:

{ إِنَّ الَّذِينَ قَالُوا رَبُّنَا اللَّهُ ثُمَّ اسْتَقَامُوا تَتَنَزَّلُ عَلَيْهِمُ الْمَلائِكَةُ أَلا تَخَافُوا وَلا تَحْزَنُوا وَأَبْشِرُوا بِالْجَنَّةِ الَّتِي كُنْتُمْ تُوعَدُونَ}

«Расында Раббымыз Аллаһ деген кейін тура жолда мықты тұрғандарға (өлім уақытында) оларға періштелер түсіп: «Қорықпаңдар, кейінмеңдер! Сендерге уәде етілген жәннәттың қуанышты хабарымен қуана беріңдер!»»[3]- дейді.

Оларға періште қайта қайта түседі, бір періште ғана түсіп қоймайды, бәлкім көп періштелер оларға қуанышты хабарды бірінен соң бірі жеткізеді.

Аяттағы: «Қорықпаңдар!»-дегені: Алдағы нәрсеге қорықпаң-дар, алдарыңда жәннәт.

«Өкінбеңдер»-дегені: Өткен нәрсеге өкінбеңдер дегені.

Басқа аятта айтады:

{ إِنَّ الَّذِينَ قَالُوا رَبُّنَا اللَّهُ ثُمَّ اسْتَقَامُوا فَلا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلا هُمْ يَحْزَنُونَ}

«Расында Раббымыз Аллаһ деген, сосын тура жолда мықты тұрғандар үшін қауып-қатер жоқ. Әрі олар қайғырмайды. Міне солар жәннәт иелері, олар онда мәңгі қалады»[4]-дейді.

Мұсылман адам үшін бұдан артық қандай сауап керек? Осы екі аятта әрбір мүміннің армандаған мақсаты уәде етілді. Ал оған жетудің жолы — Аллаһқа иман келтіру және дінде тура болу.

Хадистегі «Истиқома-Дінде тура болу»-деген сөздің мағынасы не?

Оның мағынасы: «Адамның шариғатты ұстануында қаттылық қылып шектен шықпауы және жеңілдік білдіріп әлсіздік танытпауы». Демек ортаны ұстануы. Яғни бұйырғанға артық қоспайды немесе бір нәрсені алып тастамайды. Сол үшін Аллаһ пайғамбарымызға саллаайтады:

{ فَاسْتَقِمْ كَمَا أُمِرْتَ وَمَنْ تَابَ مَعَكَ وَلا تَطْغَوْا إِنَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ }

«Өзің және сенімен бірге тәубе еткендер тура жолды қалай ұстануды бұйылғаныңдай ұстан және шектен шықпаңдар!»[5]-деді.

Аяттағы «Қалай бұйырылғаныңдай» дегені: бұйырылған іске байланысты, яғни қалай шариғатталған болса тура солай, еш нәрсе қосусыз немесе кемітусіз істеу. Сол үшін аяттың жалғасында: «Және шектен шықпаңдар!»-деді. Демек қатты кетпеңдер, еш нәрсе қоспаңдар дегені. Өйткені туралықтан ауытқу екі нәрсенің бірімен болады:

1-Қосу. Шариғатта көрсетілген құлшылыққа бір нәрсені қосу себепті.

2-Кемейту.Шариғатта көрсетілген құлшылықтан бір нәрсені алып тастау себепті.

Егер бір нәрсе қосқан болса, оны тастау керек. Ал кемейткен болса Аллаһтан кешірім тілеу керек болады. Өйткені адам баласы кемшіліктен аман қалмайды. Бірақ Аллаһ Тағала өзінің рақымдылығынан бізге Истиғфарды берді. Аллаһ айтады:

{فَاسْتَقِيمُوا إِلَيْهِ وَاسْتَغْفِرُوهُ}

«Аллаһқа құлшылықта тура болыңдар да одан жарылқау тілеңдер!»[6]-дейді.

Пайғамбарымыз салла айтады:

"استقيموا ولن تحصوا واعلموا أن خير أعمالكم الصلاة ولا يحافظ على الوضوء إلا مؤمن"

«Тура жолда берік болыңдар, қаншама амал қылсаңдар да дінді толық қамти алмайсыңдар. Біліңдер расында ең жақсы амалдарың намаз. Және дәретке тек мүмін адам ғана сақ болады»[7]-деді.

Демек діннің амалдары көп, сондықтан міндетті түрде адамда кемшілік болады, өйткені пенде өте әлсіз болып жаралған. Сол үшін адам тілінен истиғфарды тастамауы керек, өйткені истиғфар мен тәубе өткен күнәларды өшіреді.

Аллаһ Тағала баршамызды пайғамбарымыздың салла бізге қалтырған өсиеттерін бұлжытпай орындауымызға жәрдем берсін!

Ақырғы демеміз қалғанша хақ дін Исламда берік болуымызды нәсіп етсін! Әмин!

Дайындаған Сабиев Талғат.

 


[1] Асыр сүресі

[2] Сахабидің аты осы екеуінің бірі болуы мүмкін. Бірақ бұда ешқандай айырмашылық жоқ.

[3] Фуссилат.30

[4] Ахқоф.13

[5] Һуд.112

[6] Фуссилат. 6

[7] Ибн Мәжжә р-ты.

Категория: Мақалалар | Добавил: admin (09.10.2011)
Просмотров: 872 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]