| Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар |
| В категории материалов: 33 Показано материалов: 21-33 |
Страницы: « 1 2 |
Сортировать по: Уақыты · Атауы · Рейтинг бойынша · Пікірлер бойынша · Қаралуы бойынша
|
Шындығында Аллаһ Тағала өзінің пайғамбарларын адамдарды Аллаһты бірлеуге шакырулары үшін және құлшылықты тек Аллаһқа арнаулары әрі Аллаһты Адамдарға таныту үшін жіберді. Құранда Аллаһ Тағала айтты: ((وَلَقَدْ بَعَثْنَا فِي كُلِّ أُمَّةٍ رَّسُولاً أَنِ اعْبُدُواْ اللّهَ وَاجْتَنِبُواْ الطَّاغُوتَ)) «Расында әр үмметке: «Аллаһқа құлшылық етіңдер де тоғуттан сақ болыңдар» дейтін елші жібердік». Аллаһ Тағала бұл аятта әр үмметке оларды бір Аллаһқа құлшылық етуге шақыру үшін, сондай-ақ оларды тоғуттарға құлшылық етуден сақтандыру үшін пайғамбарларды жібергенін айтты. ![]()
Мақалалар | Қаралды: 872 |
Author: (шейх Ибн Баз) |
Жариялаушы: admin |
Күні: 28.06.2011
| Пікірлер (0)
|
|
"Ислам бес нәрсеге құрылған:
Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ және Мұхаммед оның елшісі, деп
куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, Рамазанда ораза тұту және қажылыққа бару".
Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ
және Мұхаммед оның елшісі деп күәлік беру — осы тіректердің ең біріншісі әрі ең
маңыздырағы. Адам осы ұлы сөздерді айтуымен сырттай мұсылман болып есептелсе
де, бұл оны тек тілмен айтып сонымен жеткілікті болатын құлшылық емес,
керісінше оның дәлел еткен нәрселеріне міндетті түрде амал қылу уәжіп болады.
Бұл сөздердің мағынасы: жалғыз Аллаһқа
ықыласпен құлшылық етуді және тек қана Аллаһ құлшылыққа лайықты, әрі одан
басқаға арналған құлшылықтың барлығы бекер екендігін білдіреді.
Сол сияқты бұл сөздердің мағынасы Аллаһты
және оның елшісін r жақсы көруді талап етеді, ал бұл жақсы көру тек Аллаһқа
ғана құлшылық етуді және оның елшісінің r сүннетіне еруді талап етеді. ![]()
Мақалалар | Қаралды: 1019 |
Author: (шейх Ибн Баз) |
Жариялаушы: admin |
Күні: 28.06.2011
| Пікірлер (0)
|
|
Исламның фундаментальдық принциптерінің бірі болып өміріне қол сұғылмайтын болып табылатындарды өлтіруге қатаң тыйым салынғандық табылады. Өлімге лайықты болмаған адамның өміріне ешкім, соның ішінде ол адамның өзі де, қол сұғуға құқықты емес. Дұшпандардан және дұшпан еместерден болған әйелдерге, балаларға, мүгедектерге, өзін ғибадатқа бағыштағандарға және мүлдем соғыспайтындарға қатысты бұл тыйым ерекше қатал болып табылады. Аллаһ Тағала ізгі құлдар туралы: «Олар Аллаһпен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Аллаһ өлтірілуін харам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де, зина жасамайды», – дейді. (әл-Фурқан; 68); ![]()
Мақалалар | Қаралды: 908 |
Author: Әбу Умар әл-Ғаззи |
Жариялаушы: admin |
Күні: 24.05.2011
| Пікірлер (0)
|

Адамдардың ғибадатты тастауы
Бүлік кезінде адамдар ғибадат жасауды, яғни өздері сол үшін жаратылған
нәрсені тастайды. (Аллаһқа) деген мойынсұнушылық тоқырайды, жүректер
тәртіпсіздікке келіп шатасады, оларды бүліктен туындаған үрей мен
қобалжу билейді. Олар тыныштық пен жайбарақаттылық таба алмағандықтың
салдарынан Аллаһты лайықты түрде зікір ете алмайды.
Сондықтан да бүліктер кезінде орындалатын ғибадаттар үшін, тыныштық
кезіндегі жасалатын ғибадаттарға қарағанда, көбірек сауап беріледі.
Мұны Пайғамбарымыздың
(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздері дәлелдейді:
«Аллаһқа тынышсыз уақытта ғибадат ету (сауабы бойынша) маған қарай
қоныс аудару (хижра жасау) сияқты». Муслим 2948.
Яғни кім бүліктер қызатын және адам өлтірулер жиіленетін кезде осыған
кіріспей, өзін ғибадатқа арнаса, оның (Аллаһтан) алатын сыйы
Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен
сәлемі болсын) көшіп баратын адамның сыйы сияқты болады.
Бұл хадисте бүлік кезінде ғибадаттан қолы босамайтын адам жетістікке
жететініне және бүліктің жамандығынан құтқарылатындығына нұсқау бар.


