Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар |
Терроризм не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болады. Мысалы, көптеген кәпірлердің анықтамасы бойынша «терроризм» сөзі өзінің ұғымына джихадты, муджахидтарды, шариғат елдерінде жаза қолдануды, тіпті Исламның өзін қамтиды. Алайда біздің бұл жағдайымызда сөз, Аллаһтың рұқсатымен, ахлю-Сунна ғалымдарының түсінігіндегі «терроризм» термині туралы болмақ. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады (рахаба, ерхабу, рахбатан), мағынасы – «қорқыту». ( "Лисануль-‘араб” и "ан-Нихая” 2/280.) Бұл сөз Құранда жиі колданылады, мысалы: «Әй Израил ұрпақтары! Берген нығметімді еске алыңдар! Уәдемді орындаңдар. Мен де серттеріңді орындаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар (фархабун)». (әл-Бақара 2: 40). Ғалымдар қорқытуды «рұқсат етілген» және «тыйым салынған» деп екі түрге бөледі. Шариғатта заңдастырылған қорқытудың үш түрі болады: Біріншісі – бұл әскери дайындық және күш арқылы діннің дұшпандарын қорқыту, мейлі олар – кәпірлер болсын, мейлі – мұсылмандар болсын. Екіншісі – мұнафиқтармен дінге жаңалық енгізуді жақтаушыларды дәлел-дәйектер арқылы қорқыту. Үшіншісі – күнаһарларды шариғатта белгілі күналар ушін орнатылған жаза түрлерін (худуд) қолдану арқылы қорқыту. Аллаһ тағала айтады: «Сендер де шамаларың келкенше әр түрлі күш әрі ат байлаумен әзірлік көріңдер. Аллаһтың дұшпанын, өз дұшпаңдарыңды тағы олардан өзге дұшпандарды қорқытасыңдар. Оларды сендер білмейсіңдер, Аллаһ біледі». (Анфәл 8: 60). ат-Табари және әл-Бағауи бұл аят жайлы: "Бұл – өздеріңнің дұшпандарыңа қарсы сондай құралдар дайындаңдар, олар – күш болып табылсын, мейлі атты әскер, мейлі қару-жарақ болсын ”, – деген. ( "Тафсир ат-Табари” и "Тафсир әл-Бағауи” 2/127.) Абу Бакр ибн әл-‘Араби және әл-Қуртуби былай деген: "Ол арқылы дұшпандарды қорқытатын күш туралы айтылып жатыр”. ("Ахкамуль-Қуран” 2/679 и "Тафсир әл-Қуртуби” 4/332.) Имам Фахр ар-Рази: "Күш пен атты әскер жасақтарын әзірлеудегі даналықтың мәні – егер кәпірлер мұсылмандар күшке ие екендігін және джихадқа дайын екенін білсе, онда олар мұсылмандардан қорқады», – деген. ("ат-Тафсир әл-кабир” 15/186.) Бұл аятта міне осындай қорқыту туралы айтылуда. Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтатын: «Жер бітінде жазалау (хадд) орындалатын бір күн, жер тұрғындары үшін қырық жыл бойы жауатын жаңбырдан жақсы». (Ибн Маджах 2537, 2538. Жақсы хадис. "ас-Сильсилә ас-сахиха”) Шейх Салих Али Шейх: "Қылмыстар үшін қолданылатын жаза тыйым салынған қорқытуға (ирхаб) жатпайды. Керісінше, бұл – құпталатын және талап етілетін қорқытудың түрі (ирхаба)!» – деп айтатын. ("Хакықа мауқиф әл-Исләм мин ат-татарруф уәл-ирхаб” 158.) Тыйым салынған қорқыту түрінің (ирхаб) анықтамасы жайлы айтар болсақ, бұл – бір адам немесе адамдардың тобы (жамағат) адамға немесе қоғамға қарсы көрсетіп жатқан жауласу. Ол қорқыту, зиян тигізу және нахақ өлтіру арқылы көрінеді. Бұған, сондай-ақ, тұрғын үйлерді, метроларды жару, адамдарды кепілдікке басып алу, жолдарда қарақшылық жасау, мал-мүлікті тартып алу т.с.с. жер бетінде зиян әкелуге қатысты іс-әрекеттер жатады. ("Қирарат әл-Маджма’ әл-фиқхий әл-исләмий” 355-356, "Маджма’ әл-бухус әл-исләмия” (Захиратуль-ирхаб), "Хакықа мауқиф әл-Исләм мин ат-татарруф уәл-ирхаб”.) Шейх Ибн Баз да, «террорист» деп басқа адамдарға хақысыз қысым көрсететіндер, заңсыз өлтіретіндер және күпірлікте айыптайтындар аталады деп айтқан. «Терроризм» терминінің өзі жаңа болғанына қарамастан, ол төмендегідей Исламда заңдастырылған терминдермен байланысты: «Ғулюу» – артықшылық, шектен шығушылық; «Хауаридж» – (мұсылмандарды) үлкен күнәлары үшін күпірлікпен айыптайтын және өздерімен келіспеген кез-келгеннің өмірі мен мал-мүлкін халал деп санайтын адамдар. ("әл-Бахр ар-раиқ” 5/204, "әл-Муғни” 12/239.) «Хараба» – тонау, қарақшылық, өлтіру. «Иғтияль» – өлтірілуін күтпеген адамды опасыздықпен өлтіру. ( "Лисануль-‘араб”, Ибн Манзур.) Хафиз Ибн ‘Абдуль-Барр айтатын: "Жолдарда қарақшылық жасайтын немесе үрей туғызатын; өзге біреудің мал-мүлкін тартып алумен, қан төгуді халал етумен және Аллаһ орнатқан шекараларды бұзумен жер бетінде бұзықтық тарататын әрбір адам – мухариб болып табылады!» ( "әл-Кафи фи фиқх ахль әл-Мадина” 2/187.) ‘Абдур-Рахман ибн Абу Ләйлә былай деп әңгімелейтін: "Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары маған мынаны айтып беретін. Бірде пайғамбарымызбен (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) жасаған жорықтардың бірінде олардың біреуі ұйықтап қалады. Ол ұйықтап жатқанда басқалары оның жебелерін алып қойды. Ал ол, оянған сәтте, қорқып кетті және өзгелер (бұған) күліп жіберді. Пайғамбар (Аллаһтың оған сәлемі мен игілігі болсын) олардан: «Сендер не үшін күлдіңдер?» – деп сұрады. Олар: «Біз ол ұйықтап жатқанда оның жебелерін алып қойдық, бұл оны шошытты», – деді. Сонда ол: «Мұсылман мұсылманды қорқытуға тыйым салынады!» – деді». (Абу Дауд 4351, ат-Тирмизи 3/431. Шейх әл-Әлбани хадисті сахих деді.) Егер Пайғамбар (Алллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарды әзіл-қалжыңмен қорқытудың өзіне тыйым салған болса, онда мұсылмандарға және олардың жанұяларына қауіп төндіріп жатқан адамдар туралы не айтуға болады?! Шындығында, қонақ үйлерде немесе тұрақтарда бейбіт тұрғындарды жару, адамдарды кепілдікке басып алу, өзін-өзі жару және т.с.с. террордың көп көріністері, қазіргі қалыптасқан жағдай көрсетіп жатқандай, кәпірлерді қорқытпайды. Алайда, бұл мұсылмандардың өздеріне қайғы мен қасірет болып айналуда және олардың өздеріне үрей салуда. Шейх Джамалюддин әл-Қасими мынандай өте дана сөздер айтты: «Мұсылман үмметі олардың жетекшілерінің тобы қиянат жасап бастағанша есендікте болады, (олар) сол амалынан кейін жетістік келеді деп ойлайды, бірақ онысы үммет үшін тек бәленің басталуына әкеледі және олар өздерінің қалаларында жекеленіп қалады! » ("Махасин ат-тауиль” 13/48.) Осы имамның сөздеріне ой тігіңіздерші! Қазіргі кезде дәл осындай жағдай орын алып жатқан жоқ па? Өйткені, дүние жүзі бойынша орын алған түрлі жарылыстардан кейін мұсылмандар өздері және өздерінің жанұялары үшін қауіптенбей беймарал жүре алмайтын жағдайға келді. Дүние жүзі бойынша беймарал жүру үшін олар сақалдарын қырып тастауға, орамалдарын шешіп тастауға, тіпті өздерінің мұсылман екендігін жасыруға мәжбүр. Исламның мақсаты – осы ма?! Аллаһ Тағала өзінің соңғы пайғамбарын (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) осы үшін жіберді ма?! Мұсылмандар өмір сүретін белгілі бір мемлекетте орын алған кезектегі жарылыстан кейін не болатынына назар аударыңыз. Мысалы, осыдан үш жыл бұрын Мысырда орын алған жарылысты алайық. Оның салдары – мұсылмандарды қудалау, студенттерді тіркеудегі проблемалар және депортациялау. Англиядағы жарылыстардың салдарына келсек: орамал таққан мұсылман әйелдеріне қысым көрсетілу; олардың көпшіліктен өзгеленіп шықпау үшін орамалды шешу туралы ғалымдарға сұрақтар қоюы, ойткені Лондондағы терактілерден кейін жергілікті тұрғындар мұсылман әйелдеріне көшелерде бас салатын болды. Кәпірлер «шахид белбеуі» деп атаған құрал арқылы өзін-өзі жару түрінің пайда болуына келсек, соның салдарынан көптеген жүкті мұсылман әйелдерін кәпірлер, олардың белдерінде тура сол белбеу бар деген қауіппен, шешіндіретін болды. Ал, осыдан он жыл бұрын бұндай әрекеттер кәпірлердің ойына да кіріп шықпайтын! Барлық аталған мысалдарды ғалымдар қауіпсіздікті (амн) бұзатын терроризм деп атайды. Ал қауіпсіздік біздің кезімізде көптеген адамдар бағаламайтын нәрсе болды, және оның жоғалуына мұсылмандардың өздері әкелуде. Алайда Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Өзі (немесе өзінің жанұясы) үшін қауіпсіз болған күйде және бір күнге жететін тамаққа ие болып таңды аттырғандарыңа, осы – бүкіл дүниеге қол жеткізгенге ұқсас!» (ат-Тирмизи 2346, Ибн Маджах 4141. Хадистің сахих екендігін имам Абу ‘Иса ат-Тирмизи, имам ан-Науауи және шейх әл-Әлбани растаған.) Әрбір мұсылман, қауіпсіздік болмаса – өзінің Раббысына толыққанды ғибадат жасай алмайтынын түсінуі керек! Умм Сәләманың мынандай әнгімесін еске алайық: «Меккедегі жағдай төзгісіз болған соң және Аллаһ Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларын азаптап және азғыруға салып бастағаннан кейін, олар өздеріне қандай сынақ келгендігін және өз дінінің қандай азғыруға ұшырап жатқандығын, және Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оларды бұдан қорғай алмайтындығын көрді. Бірақ Аллаһтың Елшісіне (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) оның сахабаларына тиіп жатқан нәрселер тимеді, өйткені ол өзінің тайпасының және өзінің көкесінің қорғауында еді. Сонда Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында Эфиопия жерінде оның қасында ешкім қысымға ұшыратылмайтын патша бар, сондықтан, Аллаһ сендерге жеңілдету үшін және сендер бүгін күй кешіп жатқан нәрседен шығу жолын жасау үшін сол қалаға аттаныңдар!» – деді. Және біз сол жаққа аттандық, сол жерде жиналдық, және өз дініміз үшін абыржымаған тыныш күйде және қысым көруден қорықпай Аллаһқа құлшылық етіп, ең жақсы үйлерге және ең жақсы көршілерге (жақын) қоныстандық». (Ахмад 5/290, Ибн Хишам 1/343, әл-Байхақи 9/19. Хадис сахих. "Сахих ас-сира ан-набауия” 170, "ас-Сильсилә ас-сахиха” 3190.) Ум Сәләманың: «өз дініміз үшін абыржымаған тыныш күйде және қысым көруден қорықпай Аллаһқа құлшылық етіп», – деген сөздеріне назар аударыңыз. Өйткені, дінің үшін қорқуды және азғыруды бастан кешірген күйде иманның және ғибадаттың дәмін толық түсіну мүмкін емес! Сондай-ақ, өзің және дінің үшін қауіпсіздіктің болмауы – мұсылман адам Аллаһқа беймарал және ашық түрде ғибадат жасай алатын елге Аллаһ тағала хиджраны (қоныс аударуды) бұйырған – ең маңызды себеп болып табылады. Шейх Салих әл-Фаузан айтатын: «Қауіпсіздік қажет екендігінде күмән жоқ және адамзат оған ас пен судан да көбірек мұқтаж. Сондықтан Ибраһим пайғамбар (Аллаһтың оған сәлемі болсын) ең алдымен қауіпсіздік, ал содан соң ырзық (ризқ) тіледі: «Сол уақытта Ибраһим: «Раббым! Бұны бір тыныш қала қыла көр! Және оның тұрғындарынан кім Аллаһқа, ахирет күніне иман келтірсе, әр түрлі өнімдермен ризықтандыр», – деп жалбарынды.» (әл-Бақара 2: 126). Қорқыныш–үрей орын алғанда адамдар ас пен судан қанағат сезіне алмайды. Қорқынышпен бірге елден елге азық-түлік тасымалданатын жолдар үзіледі, сондықтан Аллаһ жолдардағы тонаушылық пен қарақшылық үшін қатаң жаза орнатты. Ислам бес маңызды нәрсені (ад-даруриятуль-хамс): дінді, өмірді, ақылды, ар-намысы және мал-мүлікті сақтап қалу үшін келді. Осының біріне қол сұққан адамға қатысты қатаң жазалар бар, және қол сұғу мұсылманға қатысты жасалып жатыр ма, немесе кәпірге қатысты ма – бұл маңызды емес. Мұсылманға қатысты не нәрсеге тыйым салынған болса – мұсылмандармен келісім-шартта болған кәпірге (му’ахад) қатысты да сол нәрсеге тыйым салынған! Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кім му’ахадты өлтірсе, Жәннәттың иісін де сезбейді», – деді. Қауіпсіздікті (амн) бұзушыларға қатысты айтар болсақ, олар – не хауаридждер, не жолдардағы қарақшылар, не бүлікшілер болып табылады. Бұл үш топтың барлығына қатаң шаралар қолдану керек.» ("Фатауа аш-шар’ия фи қадая әл-‘асрия” 125.) Аллаһтың елшісі (Аллаһтың оған игілігі ме сәлемі болсын) мұсылмандарға қуаныш әкелетін және олардан мұңды түсіретін адамға ұлы сый болатындығы жөнінде мына хадисінде айтқан. «Кім иман келтірген адамды бұл дүниенің мұңынан арылтса, Аллаһ оны Ақырет күнінің бір мұңынан арылтады. Кім қарызын төлеуге шамасы келмегеннің жағдайын жеңілдетсе, Аллаһ оның өзінің жағдайын бұл дүниеде де, Ақыретте де жеңілдетеді. Мұсылманға жабу болған адамға, Аллаһ бұл дүниеде де, ақыретте де жабу болады. Және Аллаһ Өзінің құлына көмектесе береді, құлдың өзі бауырына көмек беруін тоқтатпағанға дейін!» (Муслим 2699.) «Аллаһ үшін ең сүйікті адамдар – бұл олардың ең пайдалылары, ал Ұлы Аллаһ Тағаланың алдындағы ең сүйікті амал – бұл сенің мұсылманға оның қайғысында көмектесуің немесе оның қарызын төлеуің, немесе оның аштығын тойдыруың арқылы оған қуаныш әкелуің. Және ақиқатында, өзімнің мұсылман бауырыма оның мұқтаж болған нәрсесінде көмекке келуім мен үшін бір ай бойы мешітте жабылып иғтикаф жасаудан сүйіктірек. Ал, кім (Исламдағы) бауырына қатысты ашу-ызасын тоқтатса – Аллаһ оның кемшіліктерін жасырады, және де кім өз ашу-ызасын төге салғысы келген кезде тоқтатса – Аллаһ оның жүрегін Ақыретте ризашылықпен толтырады. Және де кім өзінің мұсылман бауырына оның мұқтаждығында көмектесуге шықса, Аллаһ оған көмектескенге дейін, оның табандарын табандар таятын Күнде нығайтады. Және сірке балды бұзғандай жаман мінез-құлық та амалдарды бұзады». (Ибн Абу ад-Дунья, ат-Табарани. Хадис хороший. См. «Сахих әл-джами’» 176.) Неліктен мұсылмандарға Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) осы хадистерін басшылыққа алмасқа, және де осы хадисте айтылатын нәрселердің ұлы ғибраттарын ескермеске?! Бірақ қазіргі кезде біз осыған қарама-қайшы нәрселерді көріп жүрген жоқпыз ба?! «Маған жаман болса, онда бәріне де жаман болсын» деген принциппен өмір сүру не үшін қажет және қажет па? Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Мухаммад пайғамбарға және оның отбасына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын! | |
Просмотров: 983 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |