Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар |
Аса Қамқор, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
Кіріспе Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымыз Мухаммадқа , оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын! Содан соң: Соңғы кезде баяғыда бастан өтіп және ұмытылып кеткен такфиршілердің фитнасы, нақты айтқанда ұласпалы такфир деп аталатын фитна қайта оянып жүр. Ұласпалы (тізбекті) такфир – бұл қандайда бір надан өзінің надандығына және Құран мен Сүннет мәтіндерін ӨЗІНІҢ ғана түсінуіне негізделіп қандайда бір мұсылманға такфир жасайды (оны кәпір дейді), ал содан соң мұсылмандарға: «Сен пәлен нәрселерді істеп жүрген және пәлен нәрселерді айтып жүрген пәленшені кәпір деп санайсың ба?» – деген сұрақты қойып, емтихан өткізе бастайды. Ал, егер сұрақ қойылған адам: «Жоқ», – десе, немесе тіпті күмәнданса, онда ол мұндай надан үшін кәпірге айналады, және бұл тізбек үзіліссіз жалғаса беруі мүмкін. Нәтижеде осы әлгі сорлы сияқтылардың дүние жүзінде өзінен және өзінің бір-екі жақтастарынан өзге мұсылман жоқ деп есептеуіне алып келеді. СубханАллаһ, бұл алғашқы хауәридждердің сеніміне нендей ұқсас. Имам Әбуль-‘Аббәс әл-Әсам былай деп баяндайтын: "Бірде екі хауәридж Қағбаны айналып тауап жасапжүріп, бірі екіншісіне: «Мені мен Сенен өзге бұл жаратылыстардың біреуі де Жәннәтқа кірмейді!» – деді. Екіншісі: «Жәннәттің кеңдігі көктер мен Жердің кеңдігіндей, ал ол тек сені мен мен үшін жаратылғанба?» – деп сұрады. Біріншісі: «Ия!» – деп жауп берді! Сонда екіншісі оған: «Ол сен үшін», – деді де, оның сенімдерінен бас тартты” (әл-Ләләкәи: "Шәрх усуль әл-и’тиқад” 2317). Және таң қаларлығы – бұл осы сияқты тәкфиршілердің өздері де басқа адасқан жамағаттың такфиршілері үшін кәпір болып табылатындығы. «Әһлю-Суннә уәл-джәмәъа, бірін-бірі күпірлікте айыптайтын хауәридждер, рафидилер және қадарилер сияқты бидъатты жақтаушылардан айырықша бір-бірін күпірлікте айыптамайды! Егер олардың жетеуі бір мәжілісте бас қосса, онда міндетті түрде бір-бірін күпірлікте айыптауы себебінен тарап кетеді. Олар Аллаһ Тағала олар туралы: «Яхудилер: «Христиандар тура жолмен жүрмейді», – деді, ал христиандар: «Яхудилер тура жолмен жүрмейді», – деді» (әл-Бақара 2: 113), – деп айтқан яхудилер мен христиандар сияқты», – деп айтқан имам әл-Әсбәханидің сөздері нендей жақсы. "әл-Худжә” 2/255. Имам Хатыб әл-Бағдади былай дейтін: "Әһлю-Суннәға қайшы келетіндердің қатарында бір-біріне такфир жасамайтын және бір-бірінен бас тартпайтын адасушы топ жоқ, бұл хауәридждермен, рафидилермен және қадарилермен орын алатынындай!” ("әл-Фәрқ бәйнәл-фирақ” 361). Имам Ибн Әбиль-‘Изз: "Бидъаттарды жақтаушылардың сөгіске лайық сипаттарының қатарына олардың бір-біріне такфир жасауы жатады. Ал, білім иелерінің мақтауға лайықты сипаты туралы айтар болсақ – олар күпірлікте айыптамай адасушылық туралы айтады ”. "Шәрх әт-Тахауи” 439. Өкінішке орай бұл такфиршілер тіпті осы үмметтің атақты ғалымдарын да күпірлікте айыптауға дейін барды! Мұндай адамдар туралы шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: "Ал, мұсылман ғалымдарын күпірлікте айыптайтын надандардың жөнсіздігіне келер болсақ, бұл айыпталуға лайықты амалдардың ең ұлығы болып табылады, және мұның бастамасын өздерінің болжамдарына сүйеніп, мұсылмандардың имамдарын, олар дінде қателік жіберді деп есептеп, кәпір деп атаған хауәридждер мен рафидилер бастады ”. "Мәджму’уль-фәтауә” 35/100. Ал, ең таң қаларлығы – бұл такфиршілердің фиқх мәселесіндегі қандайда бір қарапайым үкімді білмеген жағдайында өздері кеше ғана такфир жасаған ғалымдардың дәл өздеріне жүгінетіні. Мысалы, біз интернет кеңістігінде шейх Ибн Базды, немесе әл-Әлбәниді күпірлікте айыптаған, ал кейін басқа айдарларда фиқх мәселелерін талқылағанда дәлел ретін тура солардың пікірін келтірген адамдарды да кездестіріп тұрамыз. Нәдждық шейх Әбу Бәтын: "Егер сен күпірлікте айыптаумен айналысатындардың біреуінен дәрет алу, немесе сауда және сол сияқты мәселелер жөнінде сұрасаң, ол саған жауап бере алмайтыны, өйткені, ол бұл жөнінде білімге ие еместігі таң қалдырады. Ол ғалымдардың бұл мәселеге қатысты пікірлерін іздей бастайды және тура солар жауап бергендей етіп жауап береді. Ал, такфир сияқты ұлы және қауіпті мәселе туралы не айтуға болады?!» "Минһәдж әһль- әл-хаққ” 77. Аллаһ нұр сәулесін және білімді сыйлаған кез-келген мұсылман адам тізбекті такфир – бұл осы адамдар онда сахабалардың кезіндегі хауәридждерден де озып өткен шынайы адасушылық екенін түсінеді, өйткені, тіпті олардың өзі де осындай емтихандар өткізбеуші еді! Мұсылмандарды күпірлікте айыптауға қатаң тыйым салынғандығы туралы Мұсылмандарды күпірлікте айыптаудың о бастағы үкімін білу үшін шариғаттың қайнар көздеріне жүгіну керек. Құран мен Сүннет, сондай-ақ ғалымдардың бір ауызды пікірі кәпір деп есептеген адамды ғана кәпір деп есептеу міндетті болатындығын ескертіп кету қажет, өйткені, бұл жөнінде Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтып кеткендей, бүкіл үммет адасушылықта болуы мүмкін емес. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия өзінің көптеген еңбектерінде: «Білім иелерінен болған Сүннеттің жақтаушылары өздеріне қайшы келетіндерді күпірлікте айыптамайды, тіпті егер олар бұлардың өздерін күпірлікте айыптаса да, өйткені, такфир – бұл шариғи үкім, және адам бұл арқылы өш ала алмайды. Егер, мысалы, саған өтірік жапса, немесе сенің отбасы мүшелерінің біреуімен зина жасаса, сен оларға қатысты тура соны жасамауың керек, өйткені өтірік және зина харам етілген! Со сияқты такфир де – Аллаһ Тағаланың құқығы болып табылады, және Аллаһ пен Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) күпірлікте айыптағаннан өзге ешкімді күпірлікте айыптауға рұқсат етілмейді!” "Мәджму’уль-фәтауа” 3/245, "Минһәджу-Ссуннә” 5/244, "әр-Радду ‘алә әл-Бәкри” 254. Шейх Ибн әл-Қайим былай дейтін: "Күпірлікте айыптау – біреудің сөздеріне емес, шариғатқа негізделетін, Аллаһтың, содан соң Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) құқығы болып табылады”. "Мухтасар әс-Сауә’иқ” 494. Шейх ‘Абдур-Рахмән әс-Са’ди былай деген: "Купірлік – бұл тек Аллаһтың және Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) құқығы, жәнеАллаһ және Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кәпір деп атағаннан өзге ешкім кәпір болып табылмайды!” "әл-Иршәд” 1/198. Мысалы, бізде Перғауын – кәпір, Иблис – кәпір, Кітап иелері, көпқұдайшылдар, немесе атеистер сияқты өзге кәпірлер де – кәпір екендігі туралы шариғи мәтіндер бар. Міне, осыда күмәндануға болмайды, және Аллаһ және Оның Елшісі (Аллаһтың оған Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) кәпір деп атағанды кәпір деп есептемеу – үлкен күпір болып табылады! Алайда, мұндай адамның күпірлікке түсуінің себебі – оның такфир жасамауында емес, Аллаһтың және Оның Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) белгілі бір адамдар немесе категориялар туралы айтқан сөздеріне күмәнданғанында, немесе оларды қабыл алмағанында! Бұл – өз негізінде кәпір болып табылатындарға қатыстысы. Бірақ, өз негізінде мұсылман болып табылатынжәне оның Исламы айқын болған (яғни ол Исламның тіректерін орындайды және баршаға мұсылман ретінде таныс) адамға келер болсақ, мұндай адамға қатысты бұл ереже ешқандай қолданыла алмайды, тек егер оны ғалымдар тиісті дәлелдерді ұсынғаннан кейін бірауызды Исламнан шығармаған болса! Өйткені, мұсылманды күндей айқын дәлелдерсіз кәпір деп есептеу – күпірлік болып табылады, және мұндайадамды күпірлікте айыптағанның өзі күпірлікке түседі! Енді мұның дәлелдеріне назар аударайық: Аллаһ Тағала Өзінің Ұлы Кітабында былай дейді: «Әй, мүміндер! Алла жолында (соғысқа) шықсаңдар, өте анықтаңдар. Сәлем бергенді дүние-мүлікке қызығып: «Сен – кәпірсін», – демеңдер». (ән-Нисә 4: 94). Ибн ‘Аббас бұл аятқа қатысты былай деген: "Аллаһ Тағала муминдерге «лә иләһә илләллаһ» – деп куәлік бергенге: «Сен – кәпірсің!» деп айтуға, оларға өлексені тыйым салған сияқты, тыйым салды!” "Тафсир Ибн Әби Хатим” 5829. Ибн ‘Умардан Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Егер қандайда бір адам мұсылманға: «Әй, кәпір!» – десе, бұл олардың біреуіне қайта оралады». әл-Бухари 6104, Муслим 60. Әбу Заррдан жеткен хадисте Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кім өзінің бауырына: "Кәпір”, немесе "Аллаһтың дұшпаны”, – десе, ал ол олай болып табылмаса, онда айтылған нәрсе осыны айтқанға қайта оралады!» Муслим 1/79. Ендеше, сорлы, адасқан және ақылдан азған адамнан өзге біреу осы үрейлі ескертулерді білгеннен кейін де мұсылмандарды такфир жасауға жеңіл-желпі қарай алады ма?! Өйткені, мұндай адам осы арқылы өзіне-өзі такфир жасайды ғой! Имам Ибн Хаджәр әл-Хайтами адамды күпірлікке кіргізетін сөздерге арналған өзінің танымал кітабында былай деген: "Әр-Рафи’и: «Мұсылмандарға дәлелсіз «кәпір» дегеннің өзі күпірлікке кіреді, өйткені, ол Исламды күпірлік дейді!» – деп айтқан! Мұсылманды күпірлікте айыптаған адам өзі кәпір болады! Және оның сөзінен кейін тура осыны имам ән-Нәуәуи де айтқан”. "әл-И’ләм би қауәты’ әл-Исләм” 98. Және осы – мына көпке белгілі хадиспен расталады: «Егер кімде-кім өзінің мұсылман бауырына: «әй, кәпір!» – десе, онда күпір олардың біреуіне міндетті (уәжіп) болады». Әбу ‘Ауәнә 1/23. Хадис сахих. Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «бір адам басқа бір адамды бұзақылықта, немесе күпірлікке айыптаса, онда айыптау міндетті түрде оның өзіне қайта оралады, егер оның айыптаған адамы іс жүзінде солай болып табылмаса». әл-Бухари 6045. Сонда Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздерін бекер айтты ма, немесе өздерін Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) үмметіндегі жоғарғы сот деп санайтын кез-келген асыққыш ақымақтар ой тоқтату үшін бе?! Имам Ибн ‘Асакир мұсылмандарды күпірлікте айыптауға тыйым салатын хадистерге қатысты былай деген: "Бұл хабарлар мұсылмандарға такфир жасауға тыйым салады, ал кім мұны жасаған болса, ол елшілердің мырзасын (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) тыңдамаған болады!” "Табәйин кизб әл-муфтара” 405. Хафиз Ибн ‘Абдуль-Бәрр былай дейтін: "Мұсылманға такфир жасаған ұлы және ең ұлы күнәға түсті! Бұл «Кім өзінің бауырына: «Әй, кәпір!» – десе…» деген хадис – қандайда бір мұсылманға: «Әй, кәпір!» – деп айтуға ең салмақты ескерту әрі тыйым болып табылады”. "әт-Тамхид” 17/22. Имам Ибн Дакық әл-‘Ид былай дейтін: "Бұл – айыптауға лайықты болмаған мұсылман адамды такфир жасаушыға деген қорқынышты ескерту! Осы – өздерін Сүннетпен хадиске телитін көптеген адамдар түсіп қалған қауіпті нәрсе, олар ақида мәселесінде бөлінген кезде, өздеріне қайшы келетіндердің әрбірін күпірлікте айыптай бастады!” "Ихкәмуль-әхкәм” 4/76. Имам әз-Заркәши былай дейтін: "Такфирге салынып жүргеннің өзі, мұсылманға такфир жасауның себебінен, күпірлікке кіріп кетуден қорықсын!” "Тухфәтуль-мухтадж” 9/88. Кімге бұл да жеткіліксіз болса, онда Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарды такфир жасауға тыйым салатын мына тікелей хадисын оқысын: «Мұсылманды күпірлікте айыптаған – оны өлтірген сияқты!» Хадис сахих. «Сахих әл-джәми’» 6269. Имам әл-Мунәуи бұл хадиске қатысты былай деген: "Осыда бұл әрекеттің Аллаһтың алдындағы ұлықтығына нұсқау бар, және күпірлікте айыптауды адам өлтірумен салыстыру мұсылманды күпірлікте айыптаушы оның ар-намысына қол сұғатынына нұсқайды, ал муминнің ар-намысы, оның қаны сияқты, қол сұғылмаушылыққа ие, және иман келтірген адамды күпірлікте айыптаған оның қанын төккен сияқты болады! Немесе хадистің мағынасы иман келтірген адамды күпірлікте айыптағанның үкімі Қияметте оны өлтірген адамның үкіміндей болады да, ол сол үшін Отқа кіреді!” "Фәйдуль-Қадир” 6/328. Ал, осы адасқан такфиршілерге мұсылманды өлтірген адамның үкімі мәлім бе? Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Кім бір мүмінді қасақана өлтірсе, оның жазасы – ішінде мүлде қалатын Тозак болады. Сондай-ақ, Аллаһ оған ызаланады, лағнеттейді және зор қинау әзірлеп қояды». (ән-Нисә 4: 93). Сондай-ақ Хузайфә да Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Ақиқатында, мен сендер үшін Құранды оқитын, және оның әдемілігі оның келбетіне шығып тұратын, және ол Исламның қорғаушысы болатын адамнан қорқамын. Кейін ол Құранды артына тастап қалдырады, өз көршісін көпқұдайшылықта (ширкте) айыптап, оған қылыш көтеріп тап береді». Хузайфә: "Йә, Аллаһтың пайғамбары, олардың қайсысы көпқұдайшылыққа жақын, айыптаушысы ма, әлде айыпталушысы ма?! ” – деп сұрады. Ол: «Жоқ, айыптаушысы», – деді. әл-Бухари "әт-Тарих” 297, Ибн Хиббән 81. Хадистің сахихтығын имам әл-Хайсами, хафиз Ибн Кәсир және шейх әл-Әлбәни растаған. "әс-Силсилә әс-сахиха” 3201. Осы хадистер де жеткіліксіз болып табылатын біреу бар ма екен?! Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған гілігі мен сәлемі болсын) қауіптенген нәрселері біздің уақытымызда орын алып жатқанына біздің барлығымыз куә болуда емеспіз бе?! Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын)қорыққан нәрседен қорқу барлық мұсылмандар үшін міндетті болып табылады емес пе?! Және ақиқатқа ілесіп жүргендер дұрыс істеп жүрміз деп қаншалықты жиі өздерінің ақидасымен мәнһәжін толық өзгертті ғой! Ал аталған хадистегі ең таң қаларлы нәрсе – бұл «…олардың қайсысы көпқұдайшылыққа жақын, айыптаушысы ма, әлде айыпталушысы ма?» – деген сұраққа алынған «Жоқ, айыптаушысы» деген жауап. Сондай-ақ, Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарды такфир жасауға тыйым салынған жолына сахабалар да ілесетін және осыдан сақтандыратын. Әбу Суфян былай деп баяндайтын: "Бірде мен Джәбирден: "Сіз мұсылмандардан біреуді кәпір деп атағансыздар ма?” – деп сұрадым. Ол: «Жоқ», – деді. Мен: «Ал, мүшрик деп ше?» – деп сұрадым. Ол: «Аллаһ бізді бұдан сақтасын!» – деді де, бұдан қорқып кетіп: «Ал, сендер мұсылмандардан біреуді кәпір дейсіңдер ме?» – деп сұрады. Мен: «Жоқ!» – дедім, ал ол кетіп қалды”. Әбу Я‘лә 2317, әт-Табәрани 2/107, Ибн ‘Абдул-Бәрр 17/23. Хафиз Ибн Хаджәр сахихтығын растаған. Муфассир әл-Қуртубидің ұстазы имам Әбул-‘Аббәс әл-Қуртуби былай деген: "Такфир – оның алдына көптеген адам келіп сүрінген қауіпті есік, ол есіктің алдында таңдаулылар ғана тоқтап, құтылды. Ал, құтылумен не теңдесе алады!” "әл-Муфхим” 3/111. Имам Ибн ‘Абидин былай дейтін: "Күпірлік – қауіпті нәрсе! Және егер мен муминнің күпірліклікке түспейтініне бір ғана ақтау тапсам, оны күпірліклікте айыптамаймын”. "Фәтауә-ссуғра” 4/224. Хафиз Ибн ‘Абдул-Бәрр былай деген: "Келіспеушілік жоқ болған нәрседен өзге нәрсенің негізінде күпірліклікте айыптамау керек”. "әт-Тамхид” 17/22. Хафиз Ибн Хаджәр былай деген: "Кімнің Исламы айқын болса, одан сондай айқын дәлелдердің негізінде ғана болмаса, өзге жағдайда шықпайды”. "Фәтхул-Бәри” 2/314. Имам Ибн әл-Уазир былай дейтін: "Мұның барлығы (мұсыдмандарды такфир жасауға тыйым салатын хадистер) мұсылмандарды күпірліклікте айыптаудың және оларды Исламнан шығарудың қауіптілігіне нұсқайды! Егер адам таухид туралы куәлік берсе және жолдауды мойындаса, оның осыларға қоса исламның тіректерін орындауы және ауыр күнәлардан қашқақтауы, және шыншылдық сипаттарын танытуы туралы айтпағанның өзінде, онда оны адасушылығы және бидъаты үшін исламнан шығармайды! Өйткені, оны күпірліклікте айыптаушының өзі осындай қылық жасаудан сақтандырылмаған болуы да мүмкін ғой, өйткені ешкім күнәсіз емес ғой!” "Исарул-хаққ ‘алә әл-хәлқ” 385. Шейх ‘Абдуллаһ ибн Мухаммад ибн ‘Абдул-Уәххаб былай деген: "Өз-өзімен ықыласты болған адамға бұл мәселе (такфир) туралы білім мен Аллаһтың дәлелдерінен өзге нәрсенің негізінде сөйлемеу міндетті (уәжіп) болады. Және әркім өзінің түсінуінің және өз ақылының қалауының негізінде біреуді Исламнан шығарудан сақ болсын. Ақиқатында, адамды исламнан шығару, немесе оны исламға телу – діннің ең маңызды істерінен болып табылады!” "әд-Дурару-ссанийя” 8/217. Такфир – бұл өте салмақты нәрсе, және оның ізінен, Ибн әл-Уәзирдің сөзімен айтқанда, бұл адамның мал-мүлкін тәркілеу, оны өлім жазасымен жазалау және оның Тозақта мәнгі қалуымен куәлік ету ұласады! "әл-‘Ауасым уәл-қауасым” 4/178. Өйткені, мұндай ұлы және маңызды мәселелерге салғырттықпен қарау Аллаһтың дінімен онайтын адамнан өзге ешкімнен шықпайды! Күмәнді, немесе анық болмаған мәселерде тіпті жазалау (хадд) орындалмайтынын көпшілік жақсы біледі. ‘Умар ибн әл-Хаттаб былай дейтін: "Күмәні болған жазалауды (хаддты) тастау мен үшін күмәні бар хаддты жасаудан жақсылау!” Ибн Әби Шәйба 11/70. Хафиз ас-Сахуәи иснәдін сахих деді. Имам Ибн әл-Мунзир былай дейтін: "Барлық білім иелері түсініксіздіктер мен күмән болған тұста жаза орындалмайтынына бір ауызды келіскен!” "әл-‘Удда” 537. Егер жазаланушының Исламы сақталатын кездегі жазалау үкімі осындай болса, онда жорамалдардың, күмәндардың, әуес-қалаулардың және өшпенділіктің негізінде Исламнан шығару туралы не айтуға болады?! Сөйтіп, аталғандардың барлығы «Негіз – мұсылманды күпірліклікте айыптауға тыйым салынғандығында!» – дегенге нұсқайды. Хафиз Ибн ‘Абдул-Бәрр былай деген: "Кұран мен Сүннет мұсылманды фасық және кәпір деп атауға, күмәні болуы мүмкін болмаған айқын дәлелдің негізінен өзге жағдайда!” "әт-Тамхид” 17/21. Және осы жоғарыда аталғаның бәрінен соң бір пәленше пайда болады да, өзінен де ізгі және Аллаһқа суйікті болуы мүмкін адамдарға жасаған такфирін қабылдауды адамдардан талап етеді, ал, егер олар бұдан бас тартса – өзімен келіспейтіннің барлығын күпірлікте айыптай бастайды! Аллаһтың түсіргеніне негізделмеген нағыз сот – міне осы! Бұл адамдар өздерін оларға мойынсынбағандық және олармен келіспегендік үшін олар адамды Исламнан шығарып тастайтын шариғат заңдарын бекітушілердің санатына қосып қояды. Көпшілігінің соңы жаман аяқталған, өйткені, олардың такфирлері өздеріне оралып, оларды опат ететін, бұл адасқан адамдардың өздерінің күпірліклігінде күмән жоқ! Және осы такфиршілер бізге «күпірліктің», «діннен шығудың» шариғи анықтамаларын және олардың түрлерін келтірсін! Такфиршілердің көбі күпірліктің түрлері, күпірлік сөздерде, амалдарда және сенімдерде болатынын мүлде білмейтініне біз күмәнданбаймыз. Күпірліктің діннен шығаратын және діннен шығармайтын түрі бар екендігін, және осыда әһлю-Суннә ішінде келіспеушілік жоқ екендігін де. «Куфр» сөзі араб тілінде өзіне «имансыздық» деген мәнді қамтымайтын мағынаға да ие болуы мүмкін екендігін білмейтініне де күмәніміз жоқ. Имам Ибн әл-Джәузи былай деген: "Құранның тәпсіршілері «куфр» сөзі Құранда бес мағынаға ие екендігін атап өткен. Олардың бірі: Таухидке қатысты күпірлік, және Аллаһтың мына сөздері осы жөнінде: «Ақиқатында, кәпірлерге бәрібір, сен оларды ескерттің бе, әлде ескертпедің бе. Олар бәрібір иман келтірмейді!» (әл-Бақара 2: 6). Күпірліктің екінші мағынасы: шүкіршілік етпеу (қайырымсыздық), бұл жөнінде Аллаһ былай деген: «Мені еске алыңдар, және Мен де сендерді есте сақтаймын. Маған шүкіршілік етіңдер және маған шүкір етпеуші (такфурун) болмаңдар». (әл-Бақара 2: 152). Күпірліктің үшінші мағынасы: қатыссыздық, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп хабарлағандай: «Сосын Қиямет Күні бір-біріңе қарсы боласыңдар (якфур)» (әл-‘Анкәбут 29: 25). Күпірліктің төртінші мағынасы: мойындамау, қарсы шығу, бас тарту, бұл жөнінде Аллаһ былай деп айтқандай: «Оларға өздерінің танығаны келген заманда, оған иман келтуруден бас тартты». (әл-Бақара 2: 89). Және күпірліктің бесінші мағынасы: жасыру, бұл туралы Аллаһ былай деп айқанындай: Біліңдер! Шын мәнінде, дүние тіршілігі бір ойын, ермек, сән және өзара мақтанысу, сондай-ақ, малдарды, балаларды көбейту ғана. Мұның мысалы: өсірген өсімдігі егіншілерді (куффар) таңырқатқан жаңбыр сияқты». (әл-Хадид 57: 20)”. "Нузхатул-ә’юн” 516. Діннен шығуға «әр-ридда» келер болсақ, ғалымдар оның анықтамасына қатысты былай деген: Имам әс-Субки былай дейтін: "Такфир – бұл шариғи үкім, оның себебі – Аллаһ Тағаланың Раббылығын және пайғамбарлық жолдауды мойындамау, немесе Заң шығарушы (Аллаһ) күпірлік деп атаған сөздер мен істерді орындау болып табылады, тіпті егер бұл күпірлік тек мойындамаумен ғана (джухуд) байланысты болмаса да”. "Фәтауә әс-Субки” 2/586. Имам әл-Бухути «әр-ридда» (діннен шығу) сөзіне берген анықтамасында былай деген: Тізбекті такфирді жақтаушылардың негізгі дәлелі Тізбекті такфир авторларының басты дәйегіне келер болсақ, бұл – олардың мына сөздері: «Мүшриктерді қабыл алмау және олардың күпірліктігіне такфир жасау – таухидтің (бірқұдайшылдықтың) ажырамас бөлігі және оның жарамдылығының шарты болып табылады. Ал, кім мушриктерді кәпір деп есептемесе, сол арқылы өзінің таухидін жарамсыз етеді де, өзі де мушрик болады». Бұл – дұрыс қорытынды, және бұл іс жүзінде де солай! Алайда, тізбекті такфирді жақтаушылардың бар қасіреті – олардың түсінігіндегі мүшрик пен шариғат анықтамасындағы мүшриктің барлық жағдайда бір болмауында болып тұр! Өйткені, ізгі және тақуа мұсылмандардан болған біреу олар үшін кәпір де, мушрик те болуы оп-оңай. Мәлик ибн Динәр өз кезінде нендей жақсы сөздерді айтып кеткеніне назар аударыңдар: «Адамға өзі ізгі болмай, алайда ізгілер туралы жаман сөйлеуде жауыздық жетіп асады!” әл-Бәйхақи в "Шу’абул-имән” 5/316. Ал, бұл саләфи такфирді емес, мұсылмандарды жәй балағаттаудың өзін меңзеп тұр. Такфиршілер атап кеткен бұл ережеге келер болсақ, ол ақиқатында да кәпір болып табылатындарды, оларды Аллаһ, Оның Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) және үмметтің бір ауызды пікірі кәпір деп атағандарды кәпір деп атамайтындарға қатысты. Және мұндай кәпір – яхудилер мен христиандар, немесе буддисттер, атеистер т.с. сияқтылардай өз негізінде мушрик және кәпір ме, әлде бұрын мұсылман болып кейін кәпір болған кәпір ме – маңызды емес. Алайда, діннен шығудың түрлерінің ішінде әрбір мұсылман үшін айқын және анық болғандары, мысалы, Исламнан саналы түрде бас тарту, немесе христиандыққа, буддизмге т.с. өзге діндерге өтіп кету, Аллаһ бізді бұдан сақтасын, сияқтылары бар. Діннен шығудың мұндай түрінеешқандай күмән жоқ. Имам әш-Шәфи’и былай дейтін: "Кім ширктен иманға келсе, содан соң иманнан ширкке өтсе, онда, егер ол кәмелетке толған ер немесе әйел болса, оларды тәубе етуге шақыру керек. Егер олар тәубе етсе, олардың тәубесі қабыл болады, ал етпесе, онда оларды өлім жазасымен жазалау керек! ” "әл-Умм” 3/363. Сондай-ақ, әш-Шәфи’и былай деген: "Мұсылман Исламды қандай дінге ауыстырғанының, ол – танылған ба, танылмаған ба, айырмашылығы жоқ”. "әл-Умм” 6/202. Имам әл-Мәуәрди былай деген: "Әһлю-рридда – бұл мұсылман болып, күпірлікке қайта оралған діннен шыққандар, және бұл олардың мұсылман болып туылғандығына, немесе Исламды қабылдап мұсылман болғандығына байланысты емес. Және бұл екі категория да (ата-анасынан мұсылман болып туылған және Исламды қабылдап мұсылман болған да) діннен шығушылықта бірдей болады. Және олар христиандар мен яхудилердің, немесе көпқұдайшылдар мен пұтқа табынушылардың дініне өтті ме – оның айырмашылығы жоқ!” "әл-Әхкәм әс-султәния” 92. Имам әл-Мунәуи «Өзінің дінін ауыстырғанды өлтіріңдер» әл-Бухари 6922 деген хадиске жасаған түсіндірмесінде былай деген: "Яғни күпірлік сөзімен немесе амалымен Исламнан басқа дінге өтіп, осынысында қасарысып алған (кімсе)”. "Фәйдул-Қадир” 11/59. Мұндай діннен шығушылықта адамның күпірліклігіне ешқандай күмән болмайды. Алайда, өзін мұсылман деп санай беретін және «лә иләһә иллә-Ллаһ» деп айтатын адамның діннен шығуы туралы айтар болсақ, онда ол тіпті өзінің кәлимәсын бұзатын күпірлік жасаса да, бұл жөнінде баршаға бірдей түсінікті де, айқын да бола бермейді! Мұны тек білімге ие болған ғалымдар ғана түсіндіре алады, бірақ ешқандай надан такфиршілер емес! Ал, ендеше, тізбекті такфирдің жақтаушылары бізге мүшриктерді такфир жасаумен емес, дәл олардың жасаған такфирімен келіспейтіндер күпірлікдің нақты қай түріне кіретінін нұсқасын шы! Өйткені, адам шынайы кәпірлерге жасалатын жалпы такфирмен емес, мұндай надандардың жасаған такфирімен келіспеуі мүмкін ғой, ал бұл – дұрыс болып табылады. Өйткені, күпірліклігі айқын және түсінікті болғанды кәпір демеу қауіпті болып табылады ғой. Ал, егер адамға намаз оқитын және калиманы айтатын (өзге) бір адамның күпірліклігі түсінікті болмаса ше?! Қалайша ол мұндай жағдайда өзі кәпірге айналады?! Осы жерде шейх әл-Әлбәнидің сөздерін келтіру өте орынды: Шейх әл-Әлбәниге: «Кәпірді кәпір деп есептемейтіннің өзі кәпір. Мубтадиъты мубтадиъ деп есептемейтіннің өзі мубтадиъ. Кім бізбен болмаса, ол бізге қарсы болады» деген ереже туралы сіздің пікіріңіз қандай?!» – деген сұрақ қойылды. Шейх былай деп жауап берді: "Бұл ереже қай жақтан келген?! Және оны тағайындаған кім?! Егер біреу басқа біреуге такфир жасаса және оған дәлел келтірсе, барлық адамдар оның жасаған такфирінде оған ілесуі шарт болып табылмайды! Өйткені, ол қателесуі мүмкін, ал басқа ғалым бұл адамға такфир жасауға болмайды деп есептеуі мүмкін. Және бидъатта айыптау (табдиъ) мен бұзақылықта айыптау да (тафсиқ) – тура осы сияқты! Ал, іс жүзінде бұл – осы ғасырдың бүлігінен (фитнасынан) және оның себебі болып «білімді» деп аталуға таласатын кейбір жас адамдардың асығыстығы табылады. Іс жүзінде бұл мәселе ауқымдырақ. Мысалы, бір ғалым белгілі бір нәрсені міндетті деп есептейді, алайда, басқа бір ғалым өзгеше санайды. Және ғалымдар бұрын да келіспеушілікте болған, және әркез өзара келіспеушілікте болады, және біреудің ижтихадына еру барша үшін міндетті болып табылмайды. Біреудің пікіріне ілесуге қалғандарды міндеттейтін – тек ешқандай білімі жоқ муқаллид (соқыр түрде ілесуші) ғана. Ал, мысалы, такфир жасаған, яки біреуді бұзақылықта, немесе бидъатта айыптаған, ал біреу оның пікірімен келіспейтін ғалымға келер болсақ, оның пікіріне ілесу ешуақытта міндетті болмайды”. Тыңдаңыз: "Силсиләтул-худа уә-ннур” № 778. Егер тіпті білімнің негізінде жасалған ғалымның такфирі бүкіл үмметті оның пікіріне ілесуге міндеттемейтін болса, онда жеке және жалпы үкім-ережелердің айырмашылығын түсінбейтін, дәлел келтіру және күмәнді шеттету т.с.с. шарттарға назар бұрмайтын, сыбыстар мен өсектердің негізінде такфир жасайтын, барып тұрған ақымақтар мен надандардың такфирі туралы не айтуға болады?! Осының барлығының себебімен: мұндай адамдар шындығында да кәпір болған адамға емес, өздеріне қайшы келгендерге, немесе өздерімен келіспейтіндерге такфир шығарады, және бұл әркезде Ислам тарихындағы ең жаман секталардың сипаты болып табылатын еді, деп айқын айтылған. Шейхул-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: "Хауәридждер, рафидилер, қадарилер және джәхмилер сияқты бидъаттарды жақтаушылардың көбі адасушылық болып табылатын, алайда олардың өздері оны ақиқат деп санайтын, сенімге ие болды. Және олар өздерінің сенімдерінде оларға қайшы келетіндерді кәпір деп сесептейді!” "Маджму’ул-фатауа” 12/466. Имам әш-Шәукани хауәридждер туралы былай дейтін: "Олар өздері сияқты есептемейтіннің әрбірі күпірлікке түсті дегенде бірікті және оның мал-мүлкін, қанын және отбасын халәл етті!” "Нәйлюл-әутар” 7/304. | |
Просмотров: 722 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |