Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Бейсенбі, 18.4.2024, 12:01
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар

Ғайбат айту
Ғиба – бұл адам туралы, оған ұнамайтын нәрсені айту. Оған денесіндегі кемшілік, діні мен дүниесіндегі, тәртібіндегі, бала шағасы, әйелі мен құлдарындағы, тәіпті оның киімдеріндегі, жүрісі мен оның көтеріңкі көңіл-күйіндегі немесе тұңжыраған түріндегі, әрі сол сияқты, соған қатысты нәрселердегі айыптар (туралы айту) жатады. Сонымен қатар, осы кемшіліктер жайлы сөзбен айтылса да, ишарамен айтылса да, ымдаумен айтылса да – бәрі бір

"әл-Ғиба” сөзінің анықтамасы
Мутталиб ибн `Абдуллаһтан жеткен хадисте, Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Ғиба – бұл адамның бойындағы нәрсені, оның арқасынан айту» (әл-Хараити «әл-Ахләқта» 1/142. Хадис сахих. Қараңыз: "әс-Сильсиля әс-сахиха” 1992).
Тағы да Әбу Һурайрадан жеткен хадисте, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірде былай сұрағаны хабарланады: «Сендер ғибаның не екенін білесіңдер ме?». Адамдар: "Аллаһ пен Оның елшісі жақсырақ біледі”, — деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Бұл мұсылман бауырың туралы, оған ұнамайтын нәрсені айту». Сонда біреу: "Ал егер мен айтқан нәрсе шынымен де бауырымның бойында табылса?”, — деп сұрады. Ол: «Егер сен оның бойындағы нәрсені айтсаң, ғиба жасаған боласың. Ал егер оның ондай қасиеті болмаса, демек сен оған жала жаптың!», — деп жауа қатты (Муслим 2589).
Бір күні пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) отырған жерде бір адам туралы: "Расында, оны тамақтандырмайынша, ол тамақ жемейді, әрі оны отырғызбайынша, өзі көлігіне мініп отырмайды!”, — деп айтылды. Сонда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оларға былай деді: «Сендер оған ғиба жасадыңдар». Олар: "Әй, Аллаһтың елшісі! Біз тек оның бойында бар нәрсені айттық қой!”, — деді. Бұған ол былай жауап берді: «Бауырларыңның бойында шынымен де бар болған қасиетін атағандарыңның өзі жеткілікті болады!» (әл-Әсбәһани. Хадис ххасан. Қараңыз: "Сахиху-ттәрғиб” 3/128).
Бірде `Айша (оған Аллаһ разы болсын) бір әйел туралы: "Оның бойы кішкентай”, — деп айтқанда, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сен оған ғиба жасадың!» (Ахмад 6/136, Ибн Әбу әд-Дунья "әс-Самтта” 207. Хафиз әл-‘Ирақи хадистің сенімділігін растаған).
`Айша былай деген: "Бір күні мен пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдында бір кісіні кескіндей бастаған едім, сонда ол: «Менің алдымда біреуді кескіндегенді қаламаймын, тіпті сол үшін маған ананы және мынаны берсе де!», — деді” (Әбу Дәуд, әт-Тирмизи. Хадис сахих. Қараңыз: «Сахих әл-жәми’» 5140).
Бір күні Мухаммад ибн Сирин бір кісі туралы: "Бұл анау қара нәсілді еркек”, — деп айтты да, сосын: "Аллаһ мені кешірсін, мен ғиба жасап қойдым деп ойлаймын”, — деді (Ибн Са’д "әт-Табәқат” 1/196).
Имам ән-Нәуәуи ғибаның мағынасы мен түрлерін баяндап, былай деген: "Ғиба – бұл адам туралы, оған ұнамайтын нәрсені айту. Оған денесіндегі кемшілік, діні мен дүниесіндегі, тәртібіндегі, бала шағасы, әйелі мен құлдарындағы, тәіпті оның киімдеріндегі, жүрісі мен оның көтеріңкі көңіл-күйіндегі немесе тұңжыраған түріндегі, әрі сол сияқты, соған қатысты нәрселердегі айыптар (туралы айту) жатады. Сонымен қатар, осы кемшіліктер жайлы сөзбен айтылса да, ишарамен айтылса да, ымдаумен айтылса да – бәрі бір” (Қараңыз: "әл-Әзкәр” 288).
Сондай-ақ, ғалымдар бір мұсылманның аты аталған кезде, кекетіп, мазақ етіп: "Аллаһ бізді кешрсін!” немесе "Аллаһ Өз мейіріміне алсын!”, — деп айтуды да жатқызған (Қараңыз: "Фатх әл-Бәри” 10/469, "әл-Әзкәр” 290).

"әл-Ғибаның” шариғи үкімі
Ғибаның харам екендігінде ешқандай күдік жоқ, әрі бұған Құран, Сүннет және ғалымдардың бірауызды келісімі (ижма`) нұсқайды. Имам әл-Қуртуби былай деген: "Бірауызды келісім (ижма`) бойынша, ғиба, ол үшін тәубе жасау керек болған күнә болып табылады” (Қараңыз: "Тәфсир әл-Қуртуби” 4/354).
Тағы да, ғибаның үлкен күні болып саналатыны туралы ғалымдардың бірауызды келісімін имам ән-Нәуәуи, хафиз Ибн Кәсир және имам Ибн Муфлих жеткізген (Қараңыз: "әл-Әзкәр” 289, "Тафсир Ибн Кәсир” 3/567, "әл-Әдәб әш-шар’ия” 1/31).

"әл-Ғибаның” Исламда қатты тыйым салынғандығы

Ғиба – бұл адамдардың етін жеу
Пәк және Аса Жоғары, Аллаһ былай деді: «Әй, иман келтіргендер! Көптеген ойлардан аулақ болыңдар, өйткені кейбір ойлар күнә болып табылады.Бір-біріңді аңдымаңдар, әрі арқаларыңда бір-біріңе ғиба жасамаңдар. Әлде өлген бауырларыңның етін жеген сендерден біреуге ұнай ма, ожан жеркенбейсіңдер ме? Аллаһтаң қорқыңдар! Расында, Аллаһ – тәубені қабыл етуші, ерекше Мейірімді» (Хужурат сүресі, 12-аят).
Осы аяттың түсіндірмесінде Қатада: "Мүмін кісіге өліксені жеуден аулақ жүру міндетті болғандай, ғибадан аулақ жүру де міндетті”, — деп айтты (Қараңыз: "Тафсир әл-Қуртуби” 16/335).
Имам Суфьян әс-Сәуридің, ғиба жасайтын адамдарды – ет соғарлар (ләхмиюн) деп атайтыны хабарланады. Бірде одан: "Бұл не, етті көп жейтіндер ме?”, — деп сұрайды. Ол: "Жоқ. Бұл – ғиба жасайтындар”, — деп жауап береді (әл-Қашири "әр-Рисәляда” 1/74).
Әнәстан жеткен хадисте, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Мені көкке көтергенде, мен жез тырнақты адамдардың қасынан өттім. Олар тырнақтарымен өз беттері мен кеуделерін тырнап жатты. Мен: "Әй, Жибрил! Бұлар кімдер?”, — деп сұрадым. Ол былай деді: "Бұл адамдардың етін жеп, оларды арсыз ететіндер”» (Ахмад 3/224, Әбу Дәуд 4878. Шейх әл-Әлбәни хадистің сенімділігін растады).
Ибн Мас`уд пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір адамға былай дегенін хабарлаған: «Сен тісіңде тұрып қалған еттердің қалдықтарынан құтылдың ба?». Ол: "Мен ет жемесем, неден құтылайын?!”, — деді. Бұған пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтты: «Шын мәнінде, сен бауырыңның етін жедің!» (әт-Табарани. Хадис сахих. Қараңыз: "Сахих әт-тәрғиб” 2837).
Әнәс ибн Мәлик былай деген: "Өздерімен бірге жолға қызметшілерін алып шығу үрдісі арабтардың әдеттерінде бар еді. Әбу Бәкр мен `Умар да соған сай, өздерімен бірге сапарға қызметшісін алып кетті. Бірде олар ұйықтауға жатты. Бірақ оянған соң қызметшінің де, ас әзірлемей, бірге ұйықтап жатқанын көрді. Сонда олардың бірі екіншісіне: «Мына адам өз үйіндегідей сезініп ұйықтап жатыр ғой», — деді. Олар қызметшіні оятып, оған: «Аллаһ елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бар да, оған былай айт: "Әбу Бәкр мен `Умар саған сәлем айтып жатыр, әрі сенен тамақ сұрап отыр”», — деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қызметшіге: «Оларға да сәлем айтып жібер де, олардың тамақтанып алғанын хабарла», — деді. (Әбу Бәкр мен `Умар) бұған қайран қалып, пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп, былай деді: «Әй, Аллаһтың елшісі! Біз саған тамақ сұрасын деп (адам) жіберген едік, ал сен: "Олар тамақтанып алды”, — деп айтыпсың. Біз немен тамақтандық сонда?!». Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Бауырларыңның етімен. Жаным, Оның қолдарында болған (Аллаһпен) ант етемін, расында, мен оның етінің қалдықтарын тістеріңнің арасында көріп тұрмын». Әбу Бәкр мен `Умар пайғамбарға: «Аллаһтан біз үшін кешірім сұрашы!», — деді. Бұған ол: «Сендер үшін ол (қызметші) кешірім сұрасын!», — деп жауап берді” (әл-Хараити 186, әд-Дыя әл-Мақдиси 2/33. Хадис сахих. Қарағыз: "әс-Сильсиля әс-сахиха” 2608).
Ал біздің күндері мұсылмандар бір-бірлерінің арқаларында, Әбу Бәкр мен `Умардың өз қызметшісі туралы айтқандарынан да жаман нәрселерді айтып жүр ғой!
Бір күні `Амр ибн әл-`Асс адамдармен өлі қашырдың жанынан өтіп бара жатқанда былай айтады: "Егер адам бұны, ішін толтырмайынша жей беретін болса, онда бұл ол үшін мұсылманның етін жегеннен жақсырақ болады” (Әбу әш-Шейх, Ибн Хиббән. Қараңыз: "Сахих әт-тәрғиб” № 2838).

Ғиба – ол сасық иіс
Жәбир былай айтқан: "Бірде Аллаһ елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге болғанымызда, біз өте жеркенішті, сұмдықі бір иіс сездік, сонда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сендер бұның не екенін білесіңдер ме? Бұл, мұсылмандардың арқаларынан ғиба жасайтындардан шығатын иіс»” (әл-Бухари "әл-Әдәбул-Муфрад” 324. Хафиз Ибн Хаджар мен шейх әл-Әлбәни хадиске «хасан» деген баға берген).
Имам әс-Самрқанди былай деген: "Кейбіреулер былай сұрау мүмкін: «Неге пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заманында ғибаның сасық иісі болатын, ал біздің кезімізде ол сезілмейді?». Бұған, ғибаның біздің уақытта көбейіп, мұрындар онымен толып, оның иісін сезбейтін болып кеткені жауап ретінде жарайды. Мысал ретінде, малдардың терісі илентін жерге кірген адамды келтіруге болады. Ол жақтағы сасық иістің себебімен, адам ол жерде ұзақ қала алмайды. Алайда, сол мекенде жұмыс істейтіндер ол иісті сезбей ішіп-жей береді. Өйткені, олар сол иіске үйреніп қалған. Біздің уақыттағы ғибаның да жағдайы сол сияқты” (Қараңыз: "Тәнбиһуль-ғафилин” 1/175).
Субхана-Ллаһ, ал бұл сөздер мың жыл бұрын айтылған ғой! Осы мың жылдың ішінде ғибаның қалай ұлкейіп, көбейгенін елестету қиын!

Ғиба бүкіл теңізді де ластай алады
`Айша былай айтқан: "Бір күні мен пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сафияның осындай (бір рияуаятта қысқа деп меңзегенң айтылады) екені де саған жеткілікті болады», — дедім. Бұны естіген пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Расында, сен егер теңізбен араластырса, оның барлығын ластап жіберетін нәрсе айттың!»” (Әбу Дәуд 4875, әт-Тирмизи 2502. Имам Әбу ‘Исә әт-Тирмизи мен шейх әл-Әлбәни хадистің сенімділігін растаған).
Имам ән-Нәуәуи былай деген: "Бұл хадис ғибаның тыйым салынғанын дәлелдейтін ең ұлы айғақ болмаса, ең ұлы айғақтардың бірі болып табылады. Әрі мен ғибаны осындай деңгейде тыйым салатын басқа хадис білмеймін” (Қараңыз: "әл-Әзкәр” 404).

Ғиба – бұл екіжүзділіктің белгісі
Әбу Барза әл-Әслямиден жеткен хадисте, Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Уа, сөздерінде иман келтіріп, жүректеріне имандары жетпегендер! Мұсылмандардың арқаларынан ештеңе айтпаңдар, кемшіліктерін аңдымаңдар. Шын мәнінде, мұсылман бауырының кемшіліктерін аңдыған адамның, Аллаһ ізінен қалмай кемшілігін аңдидыда, оны өз үйінде масқарасын шығарады!» (Әбу Дәуд 4880, Ахмад 4/420. Хафиз әл-Мунзири, хафиз әл-‘Ирақи мен шейх әл-Әлбәни хадистің сенімділігін растаған).
Шейх Шамсул-Хаққ ‘Азим Әбәди былай деген: "Бұл хадис, ғибаның – иман келтіргендердің емес, екіжүзділердің белгісі екеніне нұсқайды. Өйткені, екіжүзділер тілдерімен иман келтіреді, бірақ жүректерінде имандары жоқ” (Қараңыз: «’Аунул-Ма’буд» 13/224).

Біреу өзіне ғиба жасағанды рұқсат етсе де, ол тыйым салынған болып есептеледі
Кейбір мұсылмандардың арасында мынандай пікір таралып жүр: егер адам достарының ол туралы айтқан сөздеріне бейжай, немқұрайлы болса, әрі ондай сөздерді рұқсат етсе, онда бұл ғиба болып саналмайды. Ал шініна келсек, бәрі керісінше. Ғиба өз негізінде харам болып табылады, оны ешкім рұқсат ете алмайды! Имам ән-Нәуәуи былай деген: "Мухаммад ибн Сирин былай айтқан: «Расында, мен өзіме ғиба жасауды ешкімге рұқсат етпеймін!», — бұл дұрыс! Егер, мысалға, адам: «Мен өзімнің ар-намысымды, маған ғиба жасайтындарға рұқсат еттім», — десе, онда бұның себебімен ғиба рұқсат етілген болып кетпейді. Керісінше, ғиба әркім үшін харам! Ал енді: «Сендерден біреу Әбу Дәммәм сияқты істей алады ма? Ол үйінен шыққанда: "Расында, мен өз әрымды адамдар пида еттім”, — дейтін» хадисі жайында айтар болсақ (Әбу Дәуд 4886. Шейх әл-Әлбәни хадистің сенімділігін растаған), онда ның мағынасы мынандай: Маған жаманшылық жасаған біреуден осы дүниеде де, арғы дүниеде де мен ештеңе талап етпеймін!” (Қараңыз: "әл-Әзкәр” 298).
Яғни, Әбу Дәмдәм басқалар үшін өз ар-намысын рұқсат етпеді, алайда ол жаманшылық жасағандарды кешіруші еді.
Суфьян әс-Саури: "Азырақ адам таныған сайын, азырақ ғиба жасайсың!” (Ибн Әбу әд-Дунья "әл-‘Узля уәль-инфирад” 41.)

Категория: Мақалалар | Добавил: admin (10.06.2012)
Просмотров: 958 | Комментарии: 1 | Теги: ғайбат | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Mitch   (20.10.2012 15:41) [Материал]
Wow! Great to find a post knkocing my socks off!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]