Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Жексенбі, 28.4.2024, 10:16
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Мақалалар

Сиқыр мен көріпкелдік және оларға байланысты шариғат үкімдері.

بسم الله الرحمن الرحيم

Барлық мақтау бір Аллаһқа тән, оның пайғамбары Мұхаммедке Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!

Ақырғы уақытта сиқырлық пен көріпкелдік жолдарымен емдейтін және өзін емшімін деп жариялаушылар саны артуда, тіпті кейбір елдерде кеңінен таралып, қара халықтың білімсіздігін пайдаланғандықтары үшін бұл істерде мұсылмандар-ға және исламға өте үлкен қатер бар екенін баяндауды Аллаһ және оның пенделері үшін насихат бабынан деп білдім.

Аллаһтан жәрдем тілей тұра былай деймін: Ғұламалардың келісімі бойынша шариғатта дәрілермен емделуге рұқсат етіледі. Сондықтан мұсылман адам өзінің ауыруын тексерту үшін және оны шариғат рұқсат еткен дәрілермен емдеуі үшін дәрігерге баруы керек. Өйткені бұл — әдеттегі себеп-терді қылу бабына жатады және Аллаһқа тәуекел етуге қайшы келмейді. Аллаһ  өз пенделеріне ауыру түсірді, сонымен бірге оның емін де түсірді. Сол емді білгені білді, білмегені білмеді. Бірақта Аллаһ өзінің пенделерінің шипасын оларға харам еткен нәрселерінде қылмады.

Осыған орай ауырған адам өзінің ауыруын білу үшін өзін көместерді білемін дейтін көріпкелдерге баруына, сол сияқты олардың айтқандарын растауына болмайды. Өйткені олар білмейтін нәрселерін айта береді немесе өздерінің қалаған істеріне көмектесулері үшін жындарды шақырады.

Егер олар көместі білеміз дейтін болса, олардың үкімі күпір және адасу болады. Имам Муслим өзінің сахихында пайғамбарымызың r былай дегенін риуаят етті:

"من أتى عرّافاً فسأله عن شيء لم تُقبَل له صلاة أربعن يوماً"

"Кімде-кім көріпкелге барып одан бір нәрсе жайында сұраса оның намазы қырық күн бойы қабыл етілмейді."

Абу Хурайрадан (оған Аллаһ разы болсын) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз r :

"من أتى كاهناً فصدّقه بما يقول فقد كفر بما أُنزل على محمد"

"Кім-де кім көріпкелге барса және оның айтқанын растаса, ақиқатында Мұхаммедке r түсірілген нәрсеге кәпір болды"-деді. Бұл хадисті Абу Дауд және төрт әһлі-сунан[1] риуаят еткен, және бұны Әл Хаким пайғамбарымыздан r мына сөздермен риуаят етіп сахих деген:

"من أتى عرّافاً أو كاهناً فصدّقه بما يقول فقد كفر بما أُنزل على محمد r "

"Кім-де кім көріпкелге немесе балгерге барса және оның айтқанын растаса ақиқатында Мұхаммедке r түсірілгенге кәпір болды"- деді.

Имран ибн Хусейннен (оған Аллаһ разы болсын) риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз r былай деді:

"ليس منّا من تطيّر أو تُطيّر له، أو تكهّن أو تُكهِّن له, أو سحر أو سُحر له, ومن أتى كاهناً فصدّقه بما يقول فقد كفر بما أُنزل على محمد r"

"Кім-де кім құс ұшырса немесе ол үшін құс ұшырылса, немесе бал ашса немесе ол үшін бал аштырылса, немесе сиқыр қылса немесе ол үшін сиқырлық қылынса ол бізден емес және кім балгерге барса және оның айтқанын растаса ақиқатында Мұхаммедке r түсірілгенге кәпір болды"- деді.[2]

Бұл хадистерде көріпкелдерге, балгерлерге, сиқыршыларға және басқа да соларға ұқсастарға барудан және олардан сұрап оларды растаудан қайтару және кәпір болады деген уәде бар. Сондықтан басшыларға және қолдарында билігі барларға балгерге немесе көріпкелдерге барудан қайтару міндет, сол сияқты базарларда немесе басқа жерлерде осымен шұғылданып жүргендерге және оларға келетіндерге қатты тыйым салу уәжіп болады. Көріпкелдердің кейбір істерді рас айтатындарына немесе оларға келетін адамдарың көптігіне таңырқауға болмайды, расында олар надандар, олардан үлгі алуға болмайды.

Пайғамбарымыз r оларға барудан, олардан сұраудан және айтқандарына сенуден қайтарды. Өйткені ол өте үлкен күнә және онда көптеген қатерліктер бар, сол сияқты оның ақыры қасірет болады. Осы хадистерде көріпкел мен сиқыршының кәпір екендігіне дәлел болғанындай, олар өтірікші күнәқар болады. Өйткені олар көместі (ғойбты) білеміз дейді, бұл күпірлікке жатады. Олар өз мақсаттарына тек жындарға қызмет етумен және оларға құлшылық қылумен жетеді, бұл да күпірлікке және Аллаһқа серік қосуға жатады. Олардың көместі білеміз дегендерін растаған адам да солар сияқты болады және сонымен айналысып жүргендерден солардың бір нәрсесін үйренген адамнан пайғамбарымыз r аулақ болады. Мұсылман адамға олардың "ем" деп жүрген белгілі суреттерді салулары немесе жүзіктерге қорғасындарды құюлары тағы сол сияқты (қамшылармен ұрулары, түтін салулары, немесе мойынға неше түрлі тәсбілерді ілулеріне)[3] алдануына болмайды. Өйткені бұның барлығы сиқырлық әрі жалған. Кімде-кім осыған разы болса олардың күпірліктеріне және өтіріктеріне көмектескен болады.

Сол сияқты мұсылмандарға олардан өзінің баласының немесе жақынының кімге үйленетінін әрі олардың немесе жанұяларының арасы қандай болады, олар махабатпен татулықта ма, әлде қарсылықпен ажырасуда бола ма ? – деп сұрау үшін баруларына болмайды. Өйткені бұның барлығы оны тек қана Аллаһ I білетін көмес істерге жатады.

Сиқырлық — күпірлік харам істерден. Аллаһ I бақара сүресінде екі періште жайлы:

{ وَمَا يُعَلِّمَانِ مِنْ أَحَدٍ حَتَّى يَقُولاَ إِنَّمَا نَحْنُ فِتْنَةٌ فَلاَ تَكْفُرْ فَيَتَعَلَّمُونَ مِنْهُمَا مَا يُفَرِّقُونَ بِهِ بَيْنَ الْمَرْءِ وَزَوْجِهِ وَمَا هُم بِضَآرِّينَ بِهِ مِنْ أَحَدٍ إِلاَّ بِإِذْنِ اللّهِ وَيَتَعَلَّمُونَ مَا يَضُرُّهُمْ وَلاَ يَنفَعُهُمْ وَلَقَدْ عَلِمُواْ لَمَنِ اشْتَرَاهُ مَا لَهُ فِي الآخِرَةِ مِنْ خَلاَقٍ وَلَبِئْسَ مَا شَرَوْاْ بِهِ أَنفُسَهُمْ لَوْ كَانُواْ يَعْلَمُونَ}

"Ол екі періште: "Біз сынақ үшін келдік, кәпір болмаңдар"-деп айтпайынша ешкімге (сиқырды) үйретпеген. Сонда да олар (яһудйилер) екеуінен ер- әйелдің арасын айыратынды үйренетін еді. Олар Аллаһтың бұйрығысыз ешкімге зиян бере алмайды. Олар өздеріне зиян келтіретін, пада бермейтін нәрсені үйренетін еді. Расында олар оны айырбастап алғанға (Аллаһтың кітабының орнына сиқыр үйренгенге) ақіретте несібе жоқтығын білді. Олар өздеріне нендей жаман нәрсе сатып алғандықтарын білген болса еді" - деді. (Бақара. 102.)

Бұл аят сиқырдың күпірлік екендігіне және ол ер мен әйелдің арасын айыратындығына дәлел болады, сондай ақ оның өз бетімен не зиянды, не пайдалы әсер бере алмайтындығына, керісінше тек Аллаһтың қалауымен ғана әсер ететіндігіне дәлел етеді. Өйткені жақсылықты да жамандықты да Аллаһ I жаратқан.

Сиқыр білімдерін мүшріктерден мирас қылып, адамдарды сонымен алдап жүргендердің кесірінен расында іс қиындап, зияндар ұлғайып кетті. Жоғарыдағы аят сиқырды үйренетіндер тек қана өздеріне зиян беретін, пайда бермейтін нәрсені үйренетіндіктеріне және оларға ақіретте ешқандай несібе жоқтығына дәлел етті. Бұл қатты ескерту олардың дүние де, ақіретте де қатты зиянға ұшырағандықтарына, сондай ақ олардың өз жандарын өте арзан бағаға сатқандарына дәлел болады. Міне сол үшін Аллаһ I оларды былай деп кемітті:"Олар өздеріне нендей жаман нәрсе сатып алғандықтарын білген болса еді", бұл аяттағы сатып алу сөзі "сату" мағынасын білдіреді.

Аллаһ I барлық сиқыршылар мен көріпкелдедің жамандықтарынан сақтасын! Халық олардың жаман істерімен зияндарынан құтылуы үшін Аллаһтан мұсылмандардың басшыларын олардан сақтан-дыруына әрі оларға қатысты Аллаһтың үкімін жүргізуін тілейміз!

Аллаһ I пенделеріне рахымдылық ретінде сиқыршылардың жамандықтарынан оған жолығудан бұрын бұдан сақтанатын жолды шариғаттады, сондай ақ оған жолыққаннан кейінгі одан емделу тәсілдерін анықтап қойды. Бұл емделу түрлері шариғатта рұқсат етілген.

* * * *

Сиқырдың қатерінен жолығудан бұрынғы сақтану жолдары

Оның ең маңызды әрі пайдалырағы: шариғат-талған зікірлер және дұғаларды оқып сақтану. Олардың бірі: әр парыз намаздан соң шарғи зікірлерді айтқаннан кейін Аятуль-күрсиді оқу, сондай ақ оны ұйқы алдында оқу. Өйткені ол Құрандағы ең ұлы аят.

{اللّهُ لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ, لاَ تَأْخُذُهُ سِنَةٌ وَلاَ نَوْمٌ, لَّهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الأَرْضِ, مَن ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلاَّ بِإِذْنِهِ, يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلاَ يُحِيطُونَ بِشَيْءٍ مِّنْ عِلْمِهِ إِلاَّ بِمَا شَاء, وَسِعَ كُرْسِيُّهُ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضَ , وَلاَ يَؤُودُهُ حِفْظُهُمَا وَهُوَ الْعَلِيُّ الْعَظِيمُ}

"Аллаһ, одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. Оның хұзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі. Олар Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның күрсісі көктер мен жерді сыйдырады. Оған ол екуін қорғау ауыр келмейді және Ол, өте биік аса зор. (Бақара.255)

Сиқырдан сақтану жолдарының бірі: әр парыз намаздан соң Ықылас, Фалақ, Нас сүрелерін үш қайтара оқу, сондай ақ бұл сүрелерді күннің басында таң намазынан соң әрі түннің басында ақшам намазынан соң және ұйықтар кезде үш қайтара оқу.

Сақтану жолдарының тағы бірі: түннің басында Бақара сүресінің ақырғы екі аятын оқу.

{آمَنَ الرَّسُولُ بِمَا أُنزِلَ إِلَيْهِ مِن رَّبِّهِ وَالْمُؤْمِنُونَ كُلٌّ آمَنَ بِاللّهِ وَمَلآئِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ لاَ نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدٍ مِّن رُّسُلِهِ وَقَالُواْ سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا غُفْرَانَكَ رَبَّنَا وَإِلَيْكَ الْمَصِيرُ , لاَ يُكَلِّفُ اللّهُ نَفْسًا إِلاَّ وُسْعَهَا لَهَا مَا كَسَبَتْ وَعَلَيْهَا مَا اكْتَسَبَتْ رَبَّنَا لاَ تُؤَاخِذْنَا إِن نَّسِينَا أَوْ أَخْطَأْنَا رَبَّنَا وَلاَ تَحْمِلْ عَلَيْنَا إِصْرًا كَمَا حَمَلْتَهُ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِنَا رَبَّنَا وَلاَ تُحَمِّلْنَا مَا لاَ طَاقَةَ لَنَا بِهِ وَاعْفُ عَنَّا وَاغْفِرْ لَنَا وَارْحَمْنَآ أَنتَ مَوْلاَنَا فَانصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ}

"Пайғамбар өзіне Раббы тарапынан түсірілгенге иман келтірді және мүміндер де иман келтірді, барлығы Аллаһқа оның періштелеріне, кітаптарына және пайғамбарларына иман келтірді: "Елшілердің арасын айырмаймыз, естідік те бой ұсындық. Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз, қайтып барар жеріміз де Сенің алдың " деді.

Аллаһ кісіге шамасы келетін міндетті ғана жүктейді, істеген жақсылығы өз пайдасына да, жамандығы зиянына. "Раббымыз! Егер ұмытсақ не жаңылсақ бізді қолға алма. Раббымыз! Бізге бізден бұрынғыларға жүктегеніңдей ауыр жүк жүктеме. Раббым! Бізге шамамыз келмейтінді артпа! Бізді кешір, бізді жарылқа, бізге мәрхамет ет. Сен иемізсің! Бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бер!"

Пайғамбар r өзінің сахих хадисінде былай дейді:

"من قرأ آية الكرسي في ليلة لم يزل عليه من الله حافظ ولا يقربه شيطان حتى يصبح"

"Кімде-кім түнде Аятуль-күрсиді оқыса, оның үстінде таң атқанға дейін Аллаһтан сақшы болады да, оған шайтан жолай алмайды",

"من قرأ الآيتين من آخر سورة البقرة في ليلة كفتاه"

"Кімде-кім түнде Бақара сүресінің ақырғы екі аятын оқыса, ол екеуі оған жеткілікті болады". Бұның мағынасы: ол екеуі оған барлық жамандықтан жеткілікті болады дегені. Аллаһ білушірек.

Сақтықтың тағы бір түрінен: күндіз-түні "Аллаһтың толық сөздерімен оның жаратқан нәрселерінің жамандығынан пана тілеймін!" деген дұғаны көбірек айтып жүру, әрі бұны қандай да бір жерге тоқтағанда; үй болсын, дала болсын немесе ауа әлде теңіз болса да айтуды көбейту. Өйткені пайғамбарымыз r :

"من نزل منزلاً فقال: أعوذ بكلمات الله التامات من شر ما خلق لم يضره شيء حتى يرتحل من منزله ذلك"

"Кім-де кім бір жерге тоқтаса және:" Аллаһтың толық сөздерімен оның жаратқан нәрселерінің жамандығынан пана тілеймін!"- деп айтса оған сол жерінен кеткенге дейін еш нәрсе зиян тигізе алмайды" – деді.

Мұсылманның таң атарда және түн батарда үш қайтара:

"بسم الله الذي لا يضر مع اسمه شيء في الأرض ولا في السماء وهو السميع العليم"

"Аллаһтың атымен, ол сондай Аллаһ, Оның есімі себепті көктер мен жердегі ешбір нәрсе (бізге) зиян тигізе алмайды"-деп айтуы. Өйткені бұл пайғамбарымыздың r сахих хадистерінде келген, сондай ақ бұл дұғаны айту барлық жамандықтан аман қалуға себеп болады.

Міне осы зікірлер мен дұғаларды әрдайым тастамай, шын ықыласпен, Аллаһқа деген нақ сеніммен әрі оған тәуекел еткен түрде және оның мағыналарына көңілін толтырған түрде айтып жүрген адам үшін бұл — сиқыршылардың зияндары-нан сақтанудың ең үлкен себептерінен болады. Сондай ақ бұл сиқырға жолыққаннан кейін оны кетіретін ең мықты қарулардан болып табылады. Бұл дұғаларды Аллаһқа бой ұсынуды және одан осы зиянды кетіруін сұрауды көбейтумен бірге қолданады.

Сиқырдың қатеріне жолыққаннан кейінгі емделу жолдары

Пайғамбарымыздың r сахих хадистерінде сиқырды және басқа да ауырулардың емі айтылған, олардың бірі ауырған адамға үш рет былай деп айту:

"اللهم رب الناس أذهب البأس وشف أنت الشافي لا شفاء إلا شفاؤك شفاء لا يغادر سقماً"

"Иә Аллаһ! Адамдардың раббысы! Жамандықты кетір, сен шипа берушісің, шипа бере гөр, сенің шипаңнан басқа ауыруды қалтырмайтын шипа жоқ!"

Пайғамбарымыз r осы дұғаны айтып өзінің сахабаларына дем салатын еді.

Ауырған адамға айтылатын дұғалардың тағы бірі оған үш рет:

"بسم الله أرقيك من كل شيءٍ يؤذيك ومن كل نفس أو عين حاسد

الله يشفيك بسم الله أرقيك"

"Барлық қызғаншақ көзден немесе нәпсіден және саған барша зиян келтіруші нәрседен Аллаһтың атымен дем саламын. Аллаһ саған шипа береді, Аллаһтың атымен саған дем саламын!"- деп айту. Осы дұғамен Жебірейіл u пайғамбарымызға r дем салатын еді.

Сиқырдың түрлерінің бірі ер адамды өз әйелімен жыныстық қатынас қылуынан тостыратын сиқыр.

Бұндай сиқырдан емделу үшін лотус ағашынан жеті жасыл жапырақ алып оны тас немесе басқа бір нәрсемен үгіту керек. Содан соң оны бір ыдысқа салып үстіне шомылуға жететіндей су құйып оған Аятуль-күрси, Ықылас, Фалақ, Нас сүрелерін оқу керек. Сондай-ақ оған Ағраф сүресіндегі сиқыр аяттарын оқу керек, ол аяттар:

{وَأَوْحَيْنَا إِلَى مُوسَى أَنْ أَلْقِ عَصَاكَ فَإِذَا هِيَ تَلْقَفُ مَا يَأْفِكُونَ , فَوَقَعَ الْحَقُّ وَبَطَلَ مَا كَانُواْ يَعْمَلُونَ, فَغُلِبُواْ هُنَالِكَ وَانقَلَبُواْ صَاغِرِينَ}

"Мұсаға: "Таяғыңды таста" деп уахи еттік. Сол сәтте, таяқ олардың (сиқыршылардың) жасанды нәрселерін жалмай бастады. Сонда шындық ортаға қойылып, олардың істегендері босқа кетті. Сөйтіп олар сол арада жеңіліске ұшырап, қор болып қайтты". (Ағраф. 117-119)

Юнус сүресіндегі мына аяттарды оқу керек:

{وَقَالَ فِرْعَوْنُ ائْتُونِي بِكُلِّ سَاحِرٍ عَلِيمٍ , فَلَمَّا جَاء السَّحَرَةُ قَالَ لَهُم مُّوسَى أَلْقُواْ مَا أَنتُم مُّلْقُونَ , فَلَمَّا أَلْقَواْ قَالَ مُوسَى مَا جِئْتُم بِهِ السِّحْرُ إِنَّ اللّهَ سَيُبْطِلُهُ إِنَّ اللّهَ لاَ يُصْلِحُ عَمَلَ الْمُفْسِدِينَ , وَيُحِقُّ اللّهُ الْحَقَّ بِكَلِمَاتِهِ وَلَوْ كَرِهَ الْمُجْرِمُونَ}

"Перғауын: "Бүкіл білген сиқыршыларды маған келтіріңдер" деді. Ал сиқыршылар келген кезде, Мұса u :"Не қоймақшы болсаңдар қойыңдар" деді. Олар қойғанда, Мұса u: "Бұл келтіргендерің сиқыр, күдіксіз Аллаһ оны бұзады. Расында Аллаһ бұзақылардың ісін жөндемейді. Егер күнәкарлар жақтырмаса да, Аллаһ ақиқатты сөздерімен шынға шығарады" деді. (Юнус.79-82)

Таха сүресіндегі мына аяттарды оқу керек:

{قَالُوا يَا مُوسَى إِمَّا أَن تُلْقِيَ وَإِمَّا أَن نَّكُونَ أَوَّلَ مَنْ أَلْقَى , قَالَ بَلْ أَلْقُوا فَإِذَا حِبَالُهُمْ وَعِصِيُّهُمْ يُخَيَّلُ إِلَيْهِ مِن سِحْرِهِمْ أَنَّهَا تَسْعَى , فَأَوْجَسَ فِي نَفْسِهِ خِيفَةً مُّوسَى , قُلْنَا لَا تَخَفْ إِنَّكَ أَنتَ الْأَعْلَى , وَأَلْقِ مَا فِي يَمِينِكَ تَلْقَفْ مَا صَنَعُوا إِنَّمَا صَنَعُوا كَيْدُ سَاحِرٍ وَلَا يُفْلِحُ السَّاحِرُ حَيْثُ أَتَى}

"Олар: "Әй Мұса! Енді (таяғыңды) не сен таста немесе біз бұрын тастайық" деді. Мұса u : "Жоқ, сендер тастаңдар" деді. Сол сәтте олардың тастаған жіптері мен таяқтары сиқырларының салдарынан Мұсаға u жүрген жылан болып сезілді. Сондықтан Мұса u көңілінде бір қобалжу сезді. (Сонда біз оған): Қорықпа! Сен үстем боласың" дедік. "Оң қолыңдағы (таяқты) таста! Олардың жасағандарын жалмасын. Шынында олардың жасағандары, сиқыршының ғана айласы. Сиқыршы қайда барса да құтылмайды" дедік. (Таха. 65-69)

Төбеде айтылған сүрелерді суға оқығаннан кейін сол судан үш ұрттам ішіп қалғанымен шомылу керек. Сөйтіп ауыру Аллаһ қаласа кетеді. Егер суды ауыру кеткенге дейін екі немесе одан да көп рет қолданса да болады.

Тағы да сиқырдан емделудің ең пайдалы жолы сиқырланған нәрсенің қай жерде жатқанын (тауда ма басқа жерде ме) білуге тырысу. Егер соны біліп, жатқан жерінен шығарып, оны құртса сиқыр кетеді.

Міне сиқырдан сақтану және одан емделудің қысқаша баяны осы. Аллаһ тауфиқ иесі.

Ал сиқырды шайтанға құрбан шалу немесе басқа да оған жақындау жолдарымен шешуге болмайды, өйткені бұл шайтанның істерінен болады, тіпті бұл Аллаһқа серік қосуға жатады, сондықтан олардан сақтану керек .

Сиқырды балгерлерден, көріпкелдерден сұрау-мен шешуге болмайды, сол сияқты олардың айтқан-дарын да пайдалануға болмайды. Өйткені олар иман келтірмейді және адамдарды алдайтын, көместерді білеміз дейтін өтірікші күнақарлар. Төбеде айтылғандай пайғамбарымыз r оларға барудан және олардан сұраудан әрі олардың айтқандарын растаудан қайтарған. Сахих хадисте пайғамбарымыз r "нушра" жайында сұралғанда: " هي من عمل الشيطان" "Ол шайтанның амалы" деп жауап берді. (Имам Ахмад, Абу Дауд риуаяты). Нушра деп — сиқырланғаннан сиқырды шешуді айтады. Бұл хадистегі пайғамбарымыздың r сөзінен болған мақсат: жәһілет дәуіріндегі адамдар-дың шұғылданған нушралары. Ол сиқыршыдан сиқырды шешуін сұрау немесе оны басқа сиқыршы-ның сол сияқты сиқырымен шешу.

Жоғарыда айтылғандай сиқырды; шарғи дем салумен, дұғалар оқумен және рұқсат етілген дәрілермен шешуге болады. Бұны шейх Ибн Қойим және Абду Рахман Ибн Хасан "Фатхуль Мажид" атты кітапта және ол екеуінен басқа да білім иелері ашық айтқан.

Аллаһ I мұсылмандарды барлық жамандықта-рдан аман қалдырып, оларға діндерін сақтауға нәсіп етсін және оларға білім беріп, шариғатқа тескері келетін істің барлығынан сақтасын!

Пайғамбарымыз Мұхаммедке, онын жанұясына және сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!



[1] Абу Дауд, Тирмизйи, Ән-Нсайи, Ибн Мәжжә.

[2] Бұл хадисті Әл Барраз жақсы иснадпен риуаят етті.

[3] Аудармашыдан.

Категория: Мақалалар | Добавил: admin (16.10.2011)
Просмотров: 1204 | Теги: үлкен күнәлар, улкен куналар, сиқыр | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]