Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Дүйсенбі, 29.4.2024, 11:21
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Фатуалар

Негізсіз такфирдің таралуының себептері


1. Білімнің және тақуалықтың болмауы

‘Умар ибн ‘Абдуль-‘Aзиз былай деген: "Аллаһқа білімсіз ғибадат етуші, пайдаға қарағанда көбірек зиян келтіреді”. Әхмәд "әз-Зухд” 365, иснәды сахих.

Шейх Ибн әл-Қайим өзінің танымал өлең жолдарында мынандай ұлы сөздерді айтқан: "Надандық – өлтіретін ауыру, оның шипасы екі нәрседе – Құран мен Сүннетте, және дәрігері – дана ғалым болып табылады!” "Шәрху усули сәләсә” 18.

Бұл үмметтің имамдары: "Егер білімсіз (адам) сөйлеуін тоқтатқанда, келіспеушіліктер жойылар еді!” – деп ақиқатты айтқан. "әл-Ләтаиф” 41.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: "Күпірлікте айыптаудағы асығыстық надандықтың билеуінде болғандарға тән!” "Буғйя әл-муртәд” 1/345.

Шейх ‘Абдул-Ләтыф ибн ‘Абдур-Рахмән Әли Шейх: "Кім Исламды сырттай танытатын адамға, шариғат көзіне және айқындығы жеткілікті болған дәлелге сүйенбей, такфир жасауға батылы жеткен болса, ол сонысымен білім иелері болған әһлю-Суннә уәл-джәмәъа имамдары ілесетін нәрсеге қайшы келді! Бұл – өз сөздері мен амалдарында қорқудан және бой ұсынушылықтан жұрдай болған бидъатты және адасушылықты жақтаушылардың жолы болып табылады!” "әр-Расәиль уәл-мәсаиль ән-Нәдждия” 3/20.

2. Әуестер мен қалауларға ілесу

Әбу Умәмәдан Аллаһтың Елшісінің(Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Үш нәрсе опат болып табылады: бағынатын сараңдық; ізінен ілесетін әуес қалау; адамның өз өзіне таңарқауы». әт-Табәрани 54/52, әл-Қада’и 325. Шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деді.

Тек екі басшылық бар олар: білім және әуес-қалау, және олардың үшіншісі жоқ! Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Ақиқатында, көбісі білімге ие болмай, өз әуес-қалауларымен адастырады». (әл-Ән’ам 5: 119).

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: "Білімнің соңынан ілеспеген ірбіреу әуес-қалаудың соңынан ілеседі!” – деп айтатын. "әл-Әмру биль-мә’руф” 37.

Имам әл-Әджурри былай дейтін: "Алғашқы және одан кейінгі ұрпақ ғалымдарының арасында хауәридждер – Аллаһқа және Оның Елшісіне бағынбаған ең жаман адамдар екендігіне келіспеушілік болмаған. Олардың сан-алуан оразалары, намаздары және ыждағатты ғибадаттары оларға ешқандай пайда келтірмейді. Және тіпті олардың ашық түрде жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыйуы да оларға көмектеспейді, өйткені, олар Құранды өздерінің әуестері мен қалауларына сәйкес тәпсірлейді! Бізді олардан Аллаһ пен Оның Елшісі, және ізгі халифалар мен сахабалар, сондай-ақ, олардың ізбасарлары да сақтандыратын!” "әш-Шәри’а” 1/21.

3. Құран мен Сүннеттің мәтіндерін бұрыс түсіну

‘Али ибн Әбу Талиб былай дейтін: "Білімсіз (жасалған) ғибадатта қайыр жоқ, және дұрыс түсінік болмаған білімде қайыр жоқ!” Әбу Хайсамә: "Китабуль-‘ильм” 144, әл-Әджурри: "Әхләқуль-‘уләмә” 45. Иснәді сахих.

Құранның аяттарын және хадистерді бастан-ақ олардың сыртқы мағынасына сәйкес түсіну қажет екендігіне қарамастан, ерекше жағдайлар болуы мүмкін екендігін, және бұл барлық жағдайда міндетті емес екендігін білу керек! Кейбір шариғи мәтіндерде алғашқы қарағаннан өзге нәрсе меңзеліп тұрған болуы мүмкін, өйткені, мұндай аяттар мен хадистерді дәл айтылған мағынасында қабылдауға рұқсат бермейтін өзге шариғи мәтіндер бар. Ал, такфиршілер көптеген шариғи дәлелдерге көңіл бұрмай, Құранның кейбір аяттарының үстүртін мағынасын ғана пайдаланады. «Үкім Аллаһқа ғана тән» деген аяттың үстіртін мағынасына сүйеніп Алиді күпірлікте айыптаған хауәриждер де дәл осылайша амал етті. Әбу Рафи’ былай деп баяндаған: «Хауәриждер Алиге қарсы қару алып шыққанда, олар: «Үкім Аллаһқа ғана тән!» «Үкім Аллаһқа ғана тән!» – деп үнемі қайталай берді. Ал Али: «Өтірікті тұспалдап, ақиқатты айтып жатыр!» – деді». Муслим 1774.

Шейх Ибн әл-Қайим: "Кітап иелері арасындағы бөлінудің және мұсылмандар арасында жетпіс үш топқа бөлінудің себебі – бұрыс түсіндерме жасау болып табылады”, – деген. "И’ләмуль-мууәкқи’ин” 4/308.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: "Хауәридждер Құранның аяттарын өздері сенетіндей етіп тәпсірлегенде, олар осыған қайшы келетіндерді кәпір деп атайтын болды!” "Мәджму’уль-фәтауә” 20/164.

Имам әл-Хатыб әл-Бағдади: "Білім бұл – дұрыс түсінік және хабардар болу, бірақ, ол – көптеген деректер мен жаттаулар емес!» – деп айтатын. «әл-Джәми’» 2/174.

4. Ғалымдарға жүгінбеу

Такфирдің таралуының негізгі себебі – сондай-ақ, надан мұсылмандардың, пайғамбарлардың мирасқорлары болған ғалымдарға жүгінбей, өзінің түсінігімен шектелуі де. Аллаһ Тағала Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) үмметіне білім болмаған кезде өзіндік шешімдерді және жеке тұжырымдарды болдырмау мақсатында ғалымдарға жүгінуді бұйырды, бұл жөнінде Аллаһ Өзінің Кітабында былай деп айтқандай: «Егер өздерің білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар». (ән-Нәхль 16: 43).

Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл білімді әр ұрпақтан болған әділетті ғалымдар алып жүреді, олар оны шектен тыс асырып айтушылардың бұрмалауларынан, адасқандардың қосқандарынан және надандардың түсіндірмелерінен қорады», – деген. әл-Бәйһәқи 10/209, әл-Хатыб 1/29. Бұл хадис көптеген жолдармен риуаят етіледі, олардың әрқайсысы бірін-бірі күшейтеді, және сондықтан, хадистің сахихтығын Әхмәд, әл-Ләләкәи, хафиз Ибн ‘Абдуль-Бәрр, әл-‘Уқайли, Ибн әл-Уәзир, әл-Қасталәни, әл-Әлбәни және ‘Абдуль-Қадир әл-Әрнәут сынды имамдар растаған.

Ибн ‘Аббәстың (Аллаһ оған разы болсын) хауәриждермен болған пікірталасы туралы келген танымал деректе, Ибн ‘Аббас оларға: "Мен сендерге Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары – мухажирлер мен ансарлардан және оның көкесінің баласынан (‘Алиден) келіп тұрмын. Құран оларға түсірілген еді, және олар оның мағынасын сендерден жақсы біледі, ал сендердің араларыңда олардың біреуі де жоқ!” – деп айтқаны жеткізіледі. Әхмәд 1/621, әл-Хаким 2/150. Иснәды сахих.

Және Ибн ‘Аббәстың хауәриждерге олардың адасушылықтарын түсіндіруінің нәтижесінде олардың көпшілігі тәубеге келіп, тура жолға қайта оралды. Ибн ‘Аббәс былай деп баяндайтын: "Олардан (хауәридждерден) екі мың адам қайтты, және адасуда қалғандар өлтірілді. Және оларды мухаджирлер мен ансарлар өлтірді”. Әхмәд 1/621, ‘Абдур-Раззақ 10/157-158. әл-Хаким 2/150-152, әт-Табәрәни 10/312-314, әл-Байхақи 8/309, Ибн Са’д 3/231.

Язид әл-Фәқир былай деп баяндаған: "Бірде маған хауариждердің пайымдауларының бірі ұнап қалған еді. Біз қажылық жасауды және содан соң адамдарға қарсы шығуды қалап, көп адамнан тұратын топтың құрамында сапарға шықтық. Біздің жол Мәдинаның үстінен өтті, онда мен күтпеген жерден Джәбир ибн Абдуллаһты көріп қалдым. Ол бағананың жанында адамдарға Аллаһтың Елшісі туралы (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хабарлар жеткізіп отырған болатын. Өзге нәрселер қатарында ол джәханнәмийюн туралы да айтты.

Мен оған былай дедім: «Уа, Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған иглігі мен сәлемі болсын) сахабасы, сен не туралы айтып отырсың?! Аллаһ былай деді ғой: «Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, расында оны қорладың. Залымдардың еш жәрдемшісі жоқ!» (Әли ‘Имран 3: 192). Және Ол, сондай-ақ, былай деді: «…Қашан олар, тозақтың бейнетінен шығуды қаласа, оған қайта итеріледі…» (Хадж 22: 22). Ал сендер не деп отырсыңдар?!»

Ол: «Сен Құранды оқисын ба?» – деп сұрады. Мен: «Ия», – дедім. Ол: «Ал сен Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) орны туралы естіп едің бе, яғни оған оны Аллаһ алып келетін орын туралы?» – деп сұрады. Мен: «Ия», – дедім. Сонда ол: «Бірақ, міне осы – Мухаммадтың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) иеленетін мақтаулы орыны ғой (мәқамун мәхмуд), Аллаһ ол арқылы Оттан шығаратындарды Оттан шығарады!» – деді.

Ал, содан кейін ол Сырат көпірі қалайша құрылатыны және адамдар одан қалайша өтетіні туралы айта бастады. Басқалар оның сөздерін жақсырақ есте сақтап қалды деп қорқамын, алайда, ол: кейбір адамдар Отқа түскеннен кейін одан шығады деді. Ол деген сөз, олар, кунжіттің сабақтары дүниеге шыққан сияқты, шығады және Жәннәттың өзендерінің біріне кіреді, ал содан соң олар сол өзенде жуынады, ал одан шыққан кезде (тап-таза) парақ сияқты болады.

Біз қайттық және былай дедік: «Өкініш сендерге! Сонда сендер осы қария (Джәбир) Аллаһтың Елшісі туралы (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) өтірік сөйледі деп ойлайсыңдар ма?!» Және қайтып келген соң біздің ешқайсымыз ашық түрде (хауәриждердің жағына) шыққан жоқпыз, бір-ақ адамнан басқа”. Муслим 191.

Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббәд былай дейтін: " Бұл хабарда осы топтың (хауәридждердің) үлкен күнәләр істейтін мұсылмандарды күпірлікте айыптауға және осындайлар Отта мәңгі қалатынына қатысты көзқарастарымен әуестенгеніне нұсқау бар. Алайда, олар Джәбирді, Аллаһ оған разы болсын, кездестіргенде, және ол оларға адасқан нәрселерін түсіндіріп берген кезде, олар өз көзқарастарын өзгертті, және өздері түсіп жүрген адасушылықтан бас тартып, ол нұсқаған ақиқатты қабылдады. Бұған қоса, олар қажылықтан кейін жоспарлаған мұсылмандарға қарсы шығудан бас тартты. Және бұл – мұсылман адам ғалымдарға жүгінген кезде алатын ұлы пайда болып табылады!” "Би әйи ақли уә-ддин якуну тафджир уә тадмир джихадән” 14.

Қорытынды


Бұл – мұсылмандарды орынсыз такфир жасау тақырыбында қысқаша еске салғымыз келгеніміз.

Такфир мәселесінде екі түрлі шекке шығушылық бар. Олардың біреуі жайлы түгел осы жолдаудың барысында айтылды. Ал, оған қарама-қайшы болған басқасына келер болсақ, бұл – тіпті яхудилер мен христиандардың күпірінде күмәнданатын кейбір мұсылмандарда такфирдің мүлде бомауы, мұны «такфирсіздік» деп атауға да болады.

Кейбір бауырлардың қате түсінігін атап өту қажет. Мысалы, ғалымдар: «Дәлел жетпеген адамды күпірлікте айыптауға болмайды», – деген кезде, олар өз негізінде мұсылман болып табылатын адамды нақты меңзейді! Ал, өз негізінде кәпір болып табылатынға келер болсақ, ол – Ислам туралы ешнәрсе білмесе де, кәпір болып қала береді, және бұған дәлел – Аллаһ Тағаланың мына сөздері: «(Мұхаммед) егер мүшріктерден біреу сенен пана тілесе, ол Аллаһтың сөзін естуі үшін пана бер». (әт-Таубә 9: 6).

Бұл аятта Аллаһ осындай адамдарды, олар бұған дейін Аллаһтың сөздерін естімеген болуына қарамастан, көпқұдайшылдар деп атайды. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай дейтін: "«Ширк» деген атау Кітап түскенге дейін белгілі еді, адам жолдауға дейін де өзінің Раббысына серік қосатын еді, Онымен бірге басқа құдайларға жалбарынатын еді, және бұл атаулар (ширк, мушрик, купірлік, кәпір) жолдауға дейін де бар еді ”. "Мәджму’уль-фәтауә” 20/37.

Уа, мұсылмандар, егер адам Исламы анық болған адамды кәпір деп атамаған болса, оған Қиямет Күні, білмегендігін және ол адамның тарапынан Исламды көргендігін, және оны білімінің болмауы және мұсылмандарды кәпір деп айтуға тыйым салатын көптеген хадистердің болуы себебімен кәпір деп айтуға қорыққандығын айтып, ақталу жеңіл болады. Алайда, мұсылман адамды өзінің түсінуінің негізінде кәпір деп айтқанға, мұсылмандарға такфир жасауға тыйым салатын Құранның және Сүннеттің қаншама мәтіндері бар екендігін ескерген жағдайда, ақталу қиын болады!

Имам Ибн Хазм былай дейтін: "Ақиқат – әрбір Исламға кірген (адам) одан Құранның, Сүннеттің немесе бір ауызды келісімнің (иджмәъ) негізінде ғана шығатындығында! Және мұсылман адам Исламнан дәлелсіз, мәлімдемелер мен ой-тұжырымдардың негізінде шықпайды!” "әл-Фисәл” 3/392.

Имәм әл-Бақиләни былай дейтін: "Адам, мұсылмандардың бірауызды келісімі болған нәрселердің негізінен өзге, біреулердің сөздері мен пікірлерінің себебімен кәпір болмайды!” "Фәтауә әс-Субки” 2/578.

Имәм әл-Қуртуби былай дейтін: "Кәпір, иманды күпірліктен абзал көрмейінше, иман келтірген болмайтыны сияқты, иман келтірген де, күпірлікті өзінің таңдауы бойынша қаламайынша, кәпір болмайды, бұған бір ауызды пікір (иджмәъ) нұсқайды!” "Тафсир әл-Қуртуби” 16/203.

Имам әл-Қуртубидің осы сөздеріне ерекше назар аударыңыздар!

Уа, мұсылмандар, өздерінің әуестері мен қалауларының және Құранды өзінің жеке түсінуінің негізінде мұсылмандарды күпірлікте айыптайтын әртүрлі надандардан сақ болыңыздар! Ізгі халифа ‘Умәр ибн әл-Хаттаб: "Мен бұл үммет үшін оны иманы ұстап қалатын муминнен, немесе оның бұзақылығы айқын болған бұзақыдан (пасықтан) қауіптенбеймін. Алайда, мен Құранды, оқуын кемелдендіргенге дейін, оқитын, ал содан соң оны шынайы мағынасына қарсы тәпсірлейтін адамнан қорқамын!» – деп, ақиқатты айтты”. "Джәми’ әл-бәйән әл-’ильм” 2/238.

Және соңында, Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасының мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Категория: Фатуалар | Добавил: admin (04.07.2011)
Просмотров: 873 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]