Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Фатуалар |
В категории материалов: 28 Показано материалов: 21-28 |
Страницы: « 1 2 |
Сортировать по: Уақыты · Атауы · Рейтинг бойынша · Пікірлер бойынша · Қаралуы бойынша
Мәжбүр
болған қажеттілік кезінде өзін-өзі өлтіру рұқсат етілетіндігі туралы
пікір – қате болып табылады. Шариғат мұсылман адамға өзін-өзі қасақана
өлтіруге тыйым салады. Аллаһ Тағала мүміндерге былай деп айтады: «Және
өздеріңді-өздерің (бір-біріңді) өлтірмеңдер. Өйткені Аллаһ сендерге
ерекше мейірімді. Ал кім осы айтылғанды дұшпандықпен және зұлымдықпен
істесе, оны жақында отқа саламыз. Бұл Аллаһқа оңай». (ән-Нисә; 29-30). Аллаһ Тағала: «…дұшпандықпен және зұлымдықпен»,
– деп айтып, өзін-өзі не өзгелерді абайсыздықпен (қасақана емес)
өлтіруді, сондай-ақ, Шариғат бойынша өлім жазасына лайық болғандарды,
немесе мұсылман әмірі яки оның орынбасары тарапынан жаза тағайындалған
адамды өлім жазасымен жазалауды (бұл аяттың үкімінен) бөліп шығарды.
Пайғамбар (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сендерден
бұрын өмір сүргендердің арасында жарақаты бар бір адам өмір сүрген еді.
Ол, сабырлық танытпай, пышақты алып, өзінің қолын кесті. Төгіле
бастаған қан ол өлгенге дейін тоқтамады. Ал сонда Аллаһ Тағала былай
деді: «Құлым өзін-өзін өлтіріп, Мені озды және Мен оған Жәннәтті харам етемін». (1) әл-Бухари.
Фатуалар | Қаралды: 923 |
Author: Әу Умар әл-Ғаззи |
Жариялаушы: admin |
Күні: 26.05.2011
| Пікірлер (0)
|
1-20 21-28