Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Дүйсенбі, 29.4.2024, 11:42
Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Фатуалар

Дұшпанның қатарларына тереңдеп енудің ғалымдар белгілеген нормалары

«Шәһидтік» деп аталатын актілердің жақтаушылары өзінің пайдасына дәлел ретінде қабылдайтын көптеген егжей-тегжейліктер болғандығы себепті, мен төменде төрт мазхабтардың (1) пікірлерін келтіруді және ержүрек адамға дұшпан әскерлерінің ішіне тереңдеп кіруіне рұқсат ететін олар бекіткен нормалар мен шарттарды ескерткенді дұрыс көрдім.

Дұшпан әскерлерінің ішіне тереңдеп кіру төменде келтірілетін шарттардың ең болмағанда бірі болғанда рұқсат етіледі:

- егер дұшпанның қатарларына тереңдеп кіруші адам аман қалуды қаласа;

- егер осындай амалды жасау дұшпанның жеңілуіне алып келсе;

- егер мұндай әрекет мұсылмандарға пайда келтірсе;

- егер егер мұндай әрекет мұсылмандарды дұшпандармен күресуге жігерлендірсе.

Ханфилердің пікірі


Әл-Джусас былай деген: «Егер бір адам мың адамға шабуыл жасаған болса, мұнда айыпталатын ешнәрсе жоқ, егер ол аман қалуды, немесе дұшпанды талқандап тастауды көксеген болса деген шартымен. Ал, егер онда аман қалуға, немесе дұшпанды талқандауға деген үміті болмаса, онда оның мұндай нәрсені жасауына мен сөгіс білдіремін, өйткені ол өзін мұсылмандарға еш пайда келтірмейтін өлімге қиып жатыр. Адам мұндай әрекетке, егер онда аман қалуға деген мүмкіндік болса, немесе оның әрекеттері мұсылмандарға пайда келтірсе ғана баруы қажет. Ал, егер онда аман қалуға, немесе дұшпанға ойсырата соққы беруге деген мүмүмкіндік болмаса, бірақ ол өзінің әрекетімен мұсылмандарды осындай ерліктерді жасауға жігерлендірсе және соның нәтижесінде олар дұшпанды жоя және талқандай бастаса, мұндай жағдайда оның әрекеті тағы да айыпталатын болып табылмайды, ал мен ол Аллаһтан сый алады деген үміттемін». «Әхкәму-ль-Қуран» (т.1, 309-бет).

Мәликилердің пікірі

Халиль және әд-Дардир былай деген: «Мұсылман адамға ол өзінің ержүректігін көрсетуді емес, Аллаһтың сөзін ұлықтауды мақсат етуі, сондай-ақ, кәпірлерге ол оларға қандай ықпал етуін қалауы шартымен көп санды дұшпандарға тап беруге рұқсат етіледі. Бірінші шарт іс-әрекеттің кемелдігін және толықтығын қамтамасыз ететіні – айқын-ақ, өйткені соғыс кезінде мақтаныш танытуға рұқсат етіледі. Яғни бұл шарттың орындалмауын тек ұнамсыз нәрсе (мәкрух) деп ғана түсіну керек». Әд-Дусуки (т.2, 183-бет).

Әл-Қуртуби былай деген: «Менің ойымша, дұрысы болып – дұшпан әскеріне оларға әлі келмейтін адамның шабуыл жасауы рұқсат етіледі, өйткені мұның төрт оң тұрғысы бар:

Біріншісі – адамның дін үшін шәһид болып қаза табуды қалауы;

Екіншісі – дұшпанға шығын тигізуі;

Үшіншісі – өзге мұсылмандарды жаумен соғысуға жігерлендіруі;

Төртіншісі – бір мұсылманның не істей алатындығын көріп, мұсылмандар тұтас алғанда қаншалықты қауіпті екендігін түсінген қарсыластың моральдық рухын әлсіретуі». «Құранның тәпсірі» әл-Қуртуби (2/364).

Шәфиъилердің пікірі

Әл-Изз бин Абд әс-Саләм былай деген: «(Дұшпанның) шабылдауы кезінде соғыс майданынан қашу үлкен зиян тигізеді, алайда егер адам өзінің бекерге өліп, дұшпанға өз өлімімен ешқандай шығын тигізбейтінін білсе, шегіну міндетті болады. Өмірді қауіпке салуға тек осыдан пайда болған, бұл көпқұдайшылдардың талқандалуына және діннің ұлықталуына алып баратын кезде ғана болады. Ал, егер көпқұдайшылдарға шығын тигізілмесе, онда шегіну қажет, өйткені мұндай жағдайдағы табандылық бекер шығындарға ұласады, дұшпандардың жүрегіне бальзам сынды ықпал етіп, мүміндерді қорлайды. Мұндай жағдайда табандылық таныту – ешбір пайдасыз тап-таза зиян болады». «Қауә’ид әл-Әхкәм» (1/111)

Ибн Хаджәр былай деген: «Жалғыз адам көп санды дұшпандарға шабуылдау мәселесіне келер болсақ, имамдардың көпшілігі егер адам ерекше ержүрек болып, өзінің әрекетімен дұшпандарды қорқытуды, олармен күресуге басқа мүміндерді жігерлендіруді және өзге түрдегі пайдаларды келтіруді жорамалдаған болса, онда оның осы шабуылдауды жасауы – игі болып табылады. Ал, егер бұл әрекет – жәй ғана ойсыздық болса, онда оған тыйым салынады, әсіресе, егер ол мұсылмандардың әлсіреуіне әкеп соқса. Ал Аллаһ бұл жөнінде жақсырақ біледі». «Фәтх әл-Бәри Шәрх Сахих әл-Бухари» (8/185-186).

Ханбәлилердің пікірі

Ибн әл-Мунәсиф былай деген: «Бір адамның әскерге, немесе дұшпандардың көпшілік санына шабуылдауына байланысты ғалымдардың арасында келіспеушіліктер бар. Мұндай шабуылдарды жасаушылар төменде келтірілген үш жағдайдың бірінде болады:

1. Адам дұшпандармен қоршалған болып, олар оны жеңіп, тұтқынға алатынынан қорыққан кезде. Мұндай жағдайда көп санды дұшпандарға шабуылдау рұқсат етілгендігіне ғалымдар бір ауызды келіседі.

2. Адам басқа мұсылмандардың қоршауында болып, атын шығарып, ержүрек деп аталу үшін көп санды дұшпанға шабуыл жасайды. Ғалымдар мұны бір ауызды тыйым салынған дейді.

3. Адам мұсылмандардың қатарларының ішінде болып, Аллаһ үшін болған ізгі ашу-ызаның ықпалымен және оның сыйына деген үмітпен дұшпандарға шабуыл жасаса. Мұндай жағдайға қатысты ғалымдардың пікірі әртүрлі болған. Біреулері жалғыз шабуыл жасауды Аллаһ тыйым салған өзін-өзі опат етуге қиюға жатады деп есептеп, айыптаған. Басқалары мұндай әрекетті рұқсат етілген деп санап, оны мақұлдаған, бірақ адам күшке ие болу және өзінің әрекетімен дұшпанға шығын тигізіп, немесе өзге мұсылмандарды осындай ерліктерді жасауға жігерлендіріп, немесе дұшпандарды мұсылмандардың табандылығымен қорқытып, пайда келтіру шартымен». «Әл-Инджәд фи Әхкәм әл-Джихад» (1/133).

Ескертпелер:

1. Мазхаб – өзінің ережелерін Құраннан, хадистерден, иджмәъдан (ғалымдардың бір ауызды келісімі) және қиястан (ұқсастық бойынша үкім шығару) қатаң әдіснама негізінде шығаратын Исламдағы діни-құқықтық мектеп. Барлық ұйғарымдар муджтәхид ғалымдар тарапынан беріледі. Қазіргі заманда ортодоксалдық исламда төрт осындай мазхаб едәур кең таралған: ханафи, мәлики, шәфиъи және ханбәли. Барлық мазхабтар бірін-бірі мойындайды және оларды ұстанушылар әһлю-Суннә уәл джәмәъа (Сүннетті және жамаъатты ұстанушылар) деп аталады.

Категория: Фатуалар | Добавил: admin (30.06.2011)
Просмотров: 919 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0  
1 Latisha   (22.10.2012 14:36) [Материал]
Phenomenal breakdown of the topic, you sohlud write for me too!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]