Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Фатуалар |
«Музыка мен ән шариғатта рұқсат етілген (халал)» деген пікірдің жақтаушылары түрлі мазхабтардың кейінгі ілесушілеріне сілтей отырып, төрт имамның барлығы музыка мен әнді халал деп санағандығын сенімді түрде айтады. Ақиқатында, бұл – осы имамдарға жабылған жала. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия осындай сөздерді төрт имамдардың сөздері деп есептейтіндер туралы былай деп айтатын: «Бұл – төрт имамға жапсырылған өтірік, өйткені олар музыкалық аспаптардың харам екендігіне бірауыздан келіскен!» Қараңыз: «Минхаджу-Ссунна» 3/439. Имам Абу Саур, Абу Ханифа және оның екі шәкірті Йақуб пен Мухаммад: «Ән мен жоқтау үшін ақы төлеуге руқсат етілмейді», — деген. Олар сондай-ақ: «Музыка – нәпсіге арналған шарап», — деп те айтқан. Қараңыз: Маджму’ әл-фатауа» 10/417. Абу Тайиб әт-Табари былай деген: «Абу Ханифаға келер болсақ, ол ән айтуды айыптаған және оны тыңдауды күнә деп санаған!» Қараңыз: «Тальбису Иблис» 245. Ибн әл-Қайим былай деп жазған: «Абу Ханифаның мазхабы бұған (ән мен музыкаға) қатысты (басқалармен салыстырғанда) едәуір қатал, ал оның түсіндірмелері ең қатаң түсіндірмелер болып табылады. Оның жақтаушылары: «барлық музыкалық аспаптарды, сұрнайды, дағыраны (барабанды), тіпті таяқпен (ырғақты етіп) тоқылдатуды да тыңдауға тыйым салынған (харам)», — деп анық түрде айтқан. Абу Юсуф музыкалық аспаптардың дыбыстары естіліп жатқан үй туралы былай деген: «Иелерінің рұқсатынсыз оған кіре беріңдер, өйткені күнәлі істі жою міндетті болып табылады! Ал егер рұқсатсыз кіру рұқсат етілген болмағанда, адамдар өзінің міндетін (күнәлі істі жоюды) орындай алмас еді». Қараңыз: «Иғасату-лляхфән» 1/425. Сондай-ақ ханафи мазхабының атақты ғалымы имам ас-Сарахуси: «Әнді үйрену үшін және жоқтау үшін ақы төлеуге рұқсат етілмейді, өйткені бұл күнә болып табылады», — деген. Қараңыз: «әл-Мабсут» 16/41. Ханафи мазхабының басқа танымал имамы – Ибн Абидин де: «Ән айту — тыйым салынған (харам)!» - деген. Қараңыз: «Хашия Ибн Абидин» 4/322. | |
Просмотров: 1045 | Комментарии: 1
| Теги: |
Всего комментариев: 1 | ||||||
|