Главная » Статьи » Қазақ тілінде » Фатуалар |
Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын! Содан соң: Ханафи мазхабының кейбір кейінгі өкілдері матурудилерді әһлю-Сунна уәл-жамаъа деп атап, оларды Сүннетті жақтаушылардың қатарына жатқызады. Олар осылай деп ашъарилер туралы да айтады, өйткені олар сенім мәселелерінде бір-бірімен «бауырлас». Алайда «матурудилер әһлю-сунна уәл-жамаъа қатарынан» дегенге келісуге болмайтынына негіз бола алатын бірнеше тармақтар бар: 1. Матурудилер Аллаһтың сипаттарынан тек төртеуін ғана растайды, олар: Өмір, Білім, «Қудра» (Күш-Қуат), «Ирада» (Қалау); әрі Оның Есту мен Көру сипаттарында келіспеушіліке түседі. Олар сондай-ақ Оның барлық сипат-әрекеттеріндегі (сифат афъаль) негіз деп санайтын «Такуин» деп аталатын тағы бір сипатты қосады және олар Аллаһтың сипаттарын (іс жүзіндегі) әрекеттер ретінде мойындамайды. Қз.: Матуриди «Китабу таухид» 4-49. Олардың осы жолы Аллаһ Тағаланың көптеген сипаттарын теріске шығаруды (мойындамауды) қамтиды. Аллаһтың Сөйлеу сипатына келер болсақ, олар бұл сипатқа сенбейді, әрі оны Аллаһтан Тағаладан теріске шығарады, әрі осы орайда Құран мен Сүннет мәтіндерін бұрмалайды. Ашъарилер мен матурудилер, сондай-ақ алғашқы жәхмилер «Құран жаратылған» дегенге бірауызды келіседі. Бұл жөнінде олардың арасында келіспеушіліктер жоқ, бірақ ашъарилер мен матурудилер бұған «Аллаһ сөйлейді, бірақ естілетін әріптермен сөйлемейді, Ол (әріптері мен дыбыстары жоқ) каләм нәфспен сөйлейді» деген бидғатты қосқан. Мұндайды Құран мен Сүннет арқылы түсінуді айтпағанның өзінде, дұрыс ақыл-еске де мұны түсіну қиын. Ал «Ъулю» (Аллаһтың биіктеп көтерілуі), Қолдары, Көздері, Жүзі, Балтыры, Жоғарылауы, Түсуі, Ызалануы, Разы болуы, Ұялуы сияқты басқа да сипаттарына келер болсақ, олар мұның барлығын Аллаһ Тағаладан теріске шығарады, әрі осы орайда Құран мен Сүннеттің мәтіндерін бұрмалайды. Қз.: «Мадарику танзиль» 2, 670. Әрі осы жерде мынандай сұрақ туындайды: Осы сенімдер әһлю-Сунна уәл жамаъаның сенімдеріне сәйкес келеді ме?! Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) немесе сахабалар осындай сенімдерге ие еді ме?! Әрі, бұдан қалса, имам Абу Ханифа осы туралы айтатын ба?! 2. Сахабалар мен табиғиндерден болған алғашқы буын Аллаһтың
сипаттарына қатысты тауиль (бұрыс түсіндірме) жасамағандығы баршаға
мәлім, әрі осыны матурудилердің өздері де мойындайды. Сол үшін де олар
сахабаларымызға «олар муфауида (яғни сөздерді мағынасыз қалдырушылар)
болған» деген жала жапсырады. Әрі олар осы туралы өздерінің еңбектерінде жазады және мұны олардың идеологтары да айтатын. Егер олар өздерінің жолын Аллаһтың сипаттарын түсінуде жақсырақ және ақылдырақ деп айтып, бұрыңғы ұрпақ жолына қарсы шыққандығын мойындаған болса, онда қалайша оларды әһлю-Сунна уәл жамаъадан деп айтуға болады?! Өйткені «әһлю-Сунна уәл-жамаъа» термині «осы үмметтің алғашқы адамдары ұстанғанды ұстану» дегенді білдіреді ғой. 3. Аллаһ Пәк, егер имам Абу Ханифаның өзі дәлелге фитраны (адамның тума сипатын), Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күң әйел туралы хадисін және дұрыс ақыл-есті келтіріп, Аллаһ жоғарыда екенін растаған болса, бұл аз болса, осындай деп санамаған немесе осыған күмән келтірген адамды күпірлікке шығарған болса, онда: «Матурудия мазхабы имам Абу Ханифаның ізбасарларынан болған әһлю-Сунна қатарынан», — деп қалайша айтуға болады?! Қз.: «Фиқхуль-абсат» 49-52 — Абу Мутиъ әл-Бәлхи Абу Ханифадан жеткізген кітап, оны ханафи мазхабының ғалымы әл-Каусари тексерген. Ал әл-Матуридидің өзіне және оның матуруди ізбасарларына келер болсақ, олар Аллаһтың жоғарыда екенін теріске шығарады, әрі «Аллаһ әлемнің ішінде де емес, сыртында да емес, ол әлеммен бірге қосылмаған да, одан бөлек те емес, Ол әлемнің үстінде де емес, астында да емес» деген сөздерді айтып, сонысымен Құран мен Сүннеттің мәтіндеріне, дұрыс ақыл-еске, фитраға және ғалымдардың бірауызды келіскен пікіріне қарсы шығады. Қз.: Матуриди «Китабу таухид» 70-бет. Бұл – сондай-ақ матурудилерден бұрын олардың «арғы аталары» — жәхмилер айтқан сөздер. Имам Ибн әл-Мубарак: "Жәхмилерден басқа әрбір халық өзінің кімге құлшылық жасайтынын біледі!», — деп, ақиқатты айтқан. Әл-Бухари "Хәлқу аф’алиль-‘ибад” 72. Ал имам Абу Ханифаның «Аллаһ жоғарыда» деген дәлеліне қатысты әл-Матуриди: «Ақиқатында, бұл дәлел рафидилердің, яхудилердің, карамилердің және (Аллаһты жаратылыстармен) теңестірушілердің барлығының дәлелі», — деп айтқан. Қз.: әл-Қари «Шарху фиқхуль акбар» 173. Сонда имам Абу Ханифа рафидилер, яхудилер т.с.с. қатарынан болғаны ма?! 4. Имам Абу Ханифа Аллаһтың Жүзі, Қолы, Нәпсісі (Өзі, Болмысы) сияқты және басқа да сипаттарын мойындаған, әрі біз оларға тауиль (бұрыс түсіндірме) жасасақ, онда осымен оларды теріске шығаратынымызды, әрі бұл – муътазилилердің жолы екенін айтқан болатын. Бірақ әл-Матуриди мен оған ілескендер қадарилер мен муътазилилердің жолын таңдап, осы барлық сипаттарды теріске шығарып, Құран мен Сүннеттің мәтіндерін бұрмалап, өз имамдарына қарсы шықты. Қз.: Абу Уср әл-Баздауи «Усулю-дин» 28. 5. Имам Абу Ханифа Аллаһтың Ашулануы және Разы болуы деген сипаттарын мойындайтын, бірақ матурудилер Құран мен Сүннеттің мәтіндерін бұрмалап, оларды теріске шығарды. 6. Имам Абу Ханифа Муса пайғамбардың, оған Аллаһтың сәлемі болсын, Аллаһтың Сөздерін естігенін мойындады. Ал әл-Матурудиге және оның ізбасарларына келер болсақ, олар мұны теріске шығарып: «Муса тек жаратылған әріптерден жасалаған дыбысты ғана естіді», — деді. 7. Әл-Матуруди мен матурудилер муржи және жәхми еді, өйткені олардың айтуынша иман тек жүрекпен растаудан тұратын, ал амалдар иманға кірмейтін. Олар иманды көбейеді және азаяды деп санамайтын, әрі иманды тілмен растау тек бұл дүниеде ғана амалдардың қабыл болуының шарты болып табылады деп санайтын. Әрі сондықтан да жүрегімен иман келтіріп, бірақ тілімен растамаған адам, олардың айтуы бойынша, Аллаһтың алдында құтылғандардың қатарында болады. Ендеше, Аллаһтың сипаттары мәселесіне және иман мәселесіне қатысты шектен шыққан мужилердің пікірінде болған адамдарды қалайша әһлю-Сунна уәл-жамаъа болып табылады деп айтуға болады?! Бұдан қалса, оларды сенімді түрде жәхмилер деп айтса да болады! Саләфтарымыз бен әһлю-Сунна имамдары мынандай деген екен: 1 – Имам Йазид ибн Харун: «Кім: «Әр-Рахман Аршының үстіне көтерілді, бірақ адамдар санайтындай емес», — деп санаса, яғни көтерілудің мәнін теріске шығарса немесе оған тауиль (бұрыс түсіндірме) жасаса, сол – жәхми!» Абу Дауд «Расаиль имам Ахмад» 268-269. 2 – Шейхуль-Ислам: «Ақиқатында, бізден бұрынғылар Аллаһтың сипаттарын теріске шығаратынды немесе «Құран – Аллаһтың жаратылысы» деп айтатынды немесе «Аллаһты Жәннатта көруге болмайды» деп айтатынды жәхми деп атайтын». Қз.: «Мажумуъу расаиль уа масаиль» 3-427. 3 – Осы себепті біз шейхуль-Исламның ашъарилерді жәхмилер деп атағанын көреміз. Қз.: «Мажмуъуль-фатауа» 4-158. 4 – Ибн Хажжәр: «Жәхмилер – бұл Аллаһтың Құран мен Сүннет тарапынан расталған сипаттарын теріске шығаратындар және «Құран –Аллаһтың (Сөзі емес) жаратылғаны» деп айтатындар». Қз.: «Хадью Сари» 459. Ендеше, аталғандардың барлығынан соң, егер матурудилер осындай маңызды мәселелерде Құран мен Сүннетке ілеспесе, егер олар Аллаһтың сипаттарының басым бөлігін мән-мағынасыз еткен болса, егер олар үшін иман – бұл тек жүрекпен мойындау ғана болса, егер олар Аллаһты тануда өздерінің мазхабын сахабалар мен табиғиндердің мазхабынан жақсырақ деп ашық түрде мәлімдесе және тіпті өздерін соған телитін имам Абу Ханифаға да қайшы келсе, онда қалайша: «Матурудилер әһлю-сунна уәл-жамаъа болып табылады», — деп айтуға болады?! «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы | |
Просмотров: 1039 | Комментарии: 1
| Теги: |
Всего комментариев: 1 | ||||||
|