Қош келдіңіз Гость • Тіркелу • Кіру • RSS
Жексенбі, 28.4.2024, 05:25
Главная » Файлы » Қазақ тілінде

В разделе материалов: 30
Показано материалов: 21-30
Страницы: « 1 2 3

Жәбрәйіл періште пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп Ислам, Иман және Ихсан туралы сұрақтар қойған хадисті бәріміз білеміз, иншааллаһ. Сол хахисте иман туралы сауалға Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай жауап берген еді: «...Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Ахырет күніне иман келтіруің. Және тағдырға: оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің». Ал енді иманның осы тіректерінің мағынасын тереңірек ашсақ! Аллаһқа иман келтіру Аллаһ Тағалаға иман келтiру мына төрт нәрсенi қамтиды. Бiрiншiсi: Аллаһ Тағаланың бар екендiгiне иман келтiру. Аллаһ Тағаланың барлығына болмыс, ақыл, шариғат және сезiм дәлел бола алады. Ал ендi, осыларға жеке-жеке тоқталып өтейiк.
Ақида | Қаралды: 784 | Жүктелді: 106 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 06.07.2011 | Пікірлер (0)

«Білместікпен ақталу» тақырыбы Исламда «Узр биль-джәхль» деп аталады және бұл мәселеде ғалымдардың арасында екі түрлі пікір бар. Ғалымдардың бір тобы: «Білместікпен жасалған ширк тек тармақтарында кешіріледі, ал Исламның негіздерінде ол кешірілмейді», – деген болса, ал басқалары: «Негіздерінде де, тармақтарында да кешіріледі», – деді.
Ақида | Қаралды: 712 | Жүктелді: 58 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 06.07.2011 | Пікірлер (0)

Аллаһ Тағала Өзінің елшілері мен пайғамбарларына және олар жіберілген адамдарға халәл нәрселермен ғана қоректенулерін және игі амалдар жасауларын бұйырды. Ұлы Аллаһ былай деді: «Әй, иман келтіргендер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер». (әл-Бақара 2: 172).

Тыйым салынған (харам) нәрселерді жеудің зияны мен қауіпі - оның себебінен амалдар мен дұғалар қабыл болмайды, ал Ақыретте ол үшін жаза бар. Әбу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһ елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізген: «Расында, Аллаһ Тағала – Игілігінде Пәк, және ол игі болған нәрседен басқаны қабыл етпейді. Расында, Аллаһ пайғамбарларға нені жүктеген болса, иман келтіргендерге де соны жүктеді. Аллаһ Тағала былай деді: «Иә, пайғамбарлар! Таза нәрселерден жеңдер де, таза амалдар жасаңдар». (әл-Муминун 23: 51). Ұлы Аллаһ сондай-ақ былай деді: «Иә, иман келтіргендер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер». (әл-Бақара 2: 172).

Фиқһ | Қаралды: 656 | Жүктелді: 198 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 28.05.2011 | Пікірлер (0)

Зәкәт әл-фитрды беру парыз болып табылады

Ибн `Умар айтқан: «Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) зәкәт әл-фитрды бір са` тамақ ретінде таратуды бұйырды. Ол бұны мұсылмандардың, құлы мен бос адамына, еркегі мен әйеліне, кішісі мен қартына бұйырып, оны айт намазына шығарда беруді әмір етті» (әл-Бухари 1503).

Имам әл-Хаттаби былай деді: «Бұл хадисте, зәкәт әл-фитрдың міндетті екеніне нұсқау бар, әрі оның парыз екені бүкіл ғалымдардың пікірі болып табылады» ("Мә’алиму-Ссунән” 3/214).

Имам ән-Нәуәуи: «Зәкәт әл-фитр әрбір мұсылманға парыз екенінде, ғалымдардың барлығы бірауыздан келіскен», – деп айтқан («әл-Маджму’» 6/106).

Тағы да, зәкәт әл-фитрдың міндетті екенінде ғалымдардың барлығы бірауыздан келіскеніне имам Ибн әл-Мунзир де нұсқаған («әл-Иджма’» 34).

Зәкәт әл-Фитр кім үшін міндетті болып табылады?

Зәкәт әл-фитр, мүмкіншілігі бар әрбір мұсылманға міндетті болып табылады. Алайда, ғалымдардың арасында, өзі асырап жүрген қол астындағы адамдар үшін де фитрды беру міндетті ме, әлде әрқайсысы өзі үшін беру керек пе деген мәселеде келіспеген. Имам ән-Нәуәуи былай айтқан: «Адам, бұл зәкәтты өзі үшін, әрі оларға дүниесін жұмсауға міндетті болған кісілер үшін, атап өткенде: әйелі, балдары және ата-аналары үшін беру парыз болып табылады» («әл-Маджму’» 6/128).

Фиқһ | Қаралды: 745 | Жүктелді: 0 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 28.05.2011 | Пікірлер (0)

Имам Ахмад ибн Ханбалдың (оған Аллаһтың мейірімі жаусын), «Сүннет негіздері» деген жолдауы оны білген әрбір мұсылман ұстануы керек деген ережелерді қамтиды. Бұл негіздер өз бойында үмметіміздің әуелгі буынының сенімдерін қамтуы себепті екі дүниеде де бақытқа жетелейтін жолбасшы болып табылады. Имам Мәлик: «Әуелгі буын табысқа жеткен нәрсе арқылы болмаса, бұл үмметтің соңғы буыны басқа нәрсе арқылы табысқа жете алмайды»[5]-деген.
Хадис | Қаралды: 761 | Жүктелді: 116 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 28.05.2011 | Пікірлер (0)

Имам әл-Әджурри былай дейтін: "Алғашқы және одан кейінгі ұрпақ ғалымдарының арасында хауәридждер – Аллаһқа және Оның Елшісіне бағынбаған ең жаман адамдар екендігіне келіспеушілік болмаған. Олардың сан-алуан оразалары, намаздары және ыждағатты ғибадаттары оларға ешқандай пайда келтірмейді. Және тіпті олардың ашық түрде жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыйуы да оларға көмектеспейді, өйткені олар Құранды өздерінің әуестері мен қалауларына сәйкес тәпсірлейді! Бізді олардан Аллаһ пен Оның Елшісі, және ізгі халифалар мен сахабалар, сондай-ақ олардың ізбасарлары да сақтандыратын!"әш-Шәри’а” 1/21.
Ақида | Қаралды: 626 | Жүктелді: 189 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 24.05.2011 | Пікірлер (0)

Оны дәріптеп, әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз.

Одан кейін:

Ізгі ата-бабалардың (әс-сәләфу-ссалих) ақидасы қысқаша түрде баяндалған осы еңбектің авторы – қазіргі заманғы мухаддис-ғалым шейх ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын.

Шейх ‘Абдул-Қадир өзінің тақуалығымен, сәләфтардың мәнһәжына (әдістеме және жол)[2] ерумен танымал болған мухаддис-ғалым. Ол әлсіз хадистерден сенімді хадистерді бөліп шығаруға, хадистердің мағынасын зерттеуге, әрі оларды тарата отырып, оқытып үйретуге өзінің бүкіл ғұмырын арнады.

Ол ислам әлеміне ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут деген есіммен танымал болды. Негізі шейхтің есімі Қадри болатын, ал әл-Әрнәут деген тіркеске келер болсақ, оның албандық шығу тегіне байланысты айтылған-ды, өйткені арабтар Албаниядан шыққан адамдарды әрнауттар деп атайды.


Ақида | Қаралды: 756 | Жүктелді: 113 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 22.05.2011 | Пікірлер (0)

Бұл кітапша Құранда Аллаһ уәде еткен мәңгілік бақыт пен ләззәт орны болған Жәннәттан үміті бар, сондай-ақ,  қабір азабынан, мәңгілік азап болған Тозақтан «аман болсам» деген әрбір кісіге арналған. Мұнда, Пайғамбарымыз  сахих хадисте хабар бергендей, әрбір кісіге қабірде қойылатын үш сұрақтың алғашқысы: «Раббың кім?» деген сұрақтың қысқаша жауабы айтылады. Бұл кітаптың түпнұсқасы сұрақ-жауап түрінде берілмеген. Ал біз оны сұрақ-жауап ретінде беруіміздің себебі есте тез сақталуын, түсінуге жеңіл болуын қаладық. Осы кітаптағы мәселелерді түсінген кісі, діннің ең ұлы негіздерін үйреніп шығады. Аллаһ Құранда көптеген аяттарда құлшылықты дәлелге негізделіп жасауды, кім не айтса да, дәлел талап етуді бұйырған.
Ақида | Қаралды: 746 | Жүктелді: 171 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 19.05.2011 | Пікірлер (0)

Бұл әрбір мұсылманға маңызды болып табылатын жолдау. Ғалымдар оған шарх(түсіндірме) жазуға қатты көңіл бөлген. Онда адамға қабірде қойылатын үш сұраққа, яғни Раббысы, діні және пайғамбары туралы сұраққа жауап бар.
Ақида | Қаралды: 1382 | Жүктелді: 1006 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 19.05.2011 | Пікірлер (0)

Тумаған, туылмаған, теңдесі болмаған, Мәңгілік бар Жалғыз Аллаһқа мақтау-мадақтар болсын!

 

Үмметі осы күнге дейін «Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқ, Мұхаммед – Аллаһтың елшісі»,-деп таухид сөздерін жалғастырып келе жатқан, адамзат қауымына таза таухидті жеткізіп, бүкіл әлемді Жалғыз Аллаһқа құлшылық етуге шақырған пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) сәлем мен салауаттар болсын!

 

«Ислам ақидасы бойынша 200 сұрақ» деген атаудың өзі-ақ бұл сұрақтарға жауаптар қайтарылатынын аңғартады. Шындығында, бұл кітап – таухид (Аллаһтан басқа ешбір тәңір жоқтығы) туралы, қиындығы жағынан бірте-бірте күрделене беретін сұрақ-жауаптар түрінде жазылған оқулық.

 

Ақида | Қаралды: 800 | Жүктелді: 1058 | Жариялаушы: admin | Уақыты: 19.05.2011 | Пікірлер (0)

1-10 11-20 21-30