Бүкіл әлемнің Раббы Аллаһқа
мадақ! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, отбасына және оның жолымен жүрген бүкіл
үмметіне Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!
Омар бин аль Хаттабтың (Ол
кісіге Аллаһ разы болсын!) жеткізуі бойынша:
«Біз
Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге отырған бір
күні, біздің арамызға ерекше ақ киімді және ерекше қара шашты кісі кіріп келді.
Оның үстінде сапар шеккен адамның ешбір ізі болмады, бірақ біздің арамызда оны
танитын да ешкім болмады. Ол Пайғамбардың, оған Аллаһтың иілігі мен сәлемі
болсын, алдына келіп отырды. Тізелерін оның тізелеріне тигізіп және қолдарын
аяғына қойып:
«Иә Мұхаммад, маған ИСЛАМ жайлы айтшы», - деді.
Аллаһтың елшісі,
оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ислам дегеніміз - ол 1) Аллаһтан
басқа құдай жоқ екендігі және Мұхаммад Аллаһтың елшісі екендігіне сену, 2)
намаз оқу, 3) зекет төлеу, 4) Рамадан айында ораза ұстау және 5) мүмкіндігің
болса қажыға бару», - деп айтты. Ол (келген адам): «Сен дұрыс айттың», - деді,
ал біз болсақ, оның Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі
болсын, әуелі сұрап алып, артынша оның жауабына «дұрыс айттың» дегеніне таң
қалдық.
Ол: «Енді маған ИМАН жайлы айтшы», - деді.
Пайғамбар,
оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол дегеніміз: 1) Аллаһқа, 2) Оның
періштелеріне, 3) Оның кітаптарына, 4) Оның елшілеріне, 5) Қияметке, 6) Барлық
жақсылық пен жамандық Аллаһ тарапынан жазмыш екендігіне сену», - деді. Ол: «Сен
дұрыс айттың», - деді.
Сосын: «Маған ИХСАН жайлы айтшы», - деді.
Пайғамбар,
оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол дегеніміз, Аллаһты көріп
тұрғаныңдай құлшылық ету, неге десе?, (сен Оны көрмесең дe), Оның сені көріп
тұрғаны ақиқат», - деді.
Ол: «Енді маған ҚИЯМЕТ жайлы айтшы», - деді.
Пайғамбар,
оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Сұралушы сұраушыдан артық білмейді»,
- деді. Ол: «Енді маған оның белгілерін (алдында не болатыны жайлы) айтып берші»,
- деді. Пайғамбар: «Күң өзінің ханшайымын туады; аш-жалаңаш, бейшара қойшылардың
биік ғимараттар салып жарысқанын
көресің», - деді. Содан соң ол (келген кісі) кетті, ал мен бірер уақытқа
бөгелдім. Сонда Пайғамбар: «Иә Омар, сен кімнің сұрақ қойғанын білесің бе?», -
деді. Мен: «Аллаһ және Аллаһтың елшісі бәрінен жақсы біледі», - дедім.
Пайғамбар: «Бұл - сендерді діндеріңе үйретуге келген Жебірейіл (періште)», -
деді.[1]
[1] Хадис имам Муслимнің жеткізуімен келтіріледі.