| Главная » Файлы » Қазақ тілінде |
| В разделе материалов: 30 Показано материалов: 21-30 |
Страницы: « 1 2 3 |
|
Оны дәріптеп, әрі Одан жәрдем мен кешірім сұрап жалбарынатын Аллаһқа барлық мақтау мен мадақтар болсын. Жанымыздың жамандықтары мен жаман іс-амалдарымыздан Аллаһқа сиынып, Одан пана тілейміз. Кімде-кімді Аллаһ тура жолға бастаса, онда оны ешкім де адастыра алмайды. Ал кімде-кімді адастырса, онда оны тура жолға салар ешкім жоқ. Біз Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ екеніне, Оның серігі жоқ, әрі Жалғыз екеніне куәлік етеміз, сондай-ақ Мұхаммед – Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етеміз. Одан кейін: Ізгі ата-бабалардың (әс-сәләфу-ссалих) ақидасы қысқаша түрде баяндалған осы еңбектің авторы – қазіргі заманғы мухаддис-ғалым шейх ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын. Шейх ‘Абдул-Қадир өзінің тақуалығымен, сәләфтардың мәнһәжына (әдістеме және жол)[2] ерумен танымал болған мухаддис-ғалым. Ол әлсіз хадистерден сенімді хадистерді бөліп шығаруға, хадистердің мағынасын зерттеуге, әрі оларды тарата отырып, оқытып үйретуге өзінің бүкіл ғұмырын арнады. Ол ислам әлеміне ‘Абдул-Қадир әл-Әрнаут деген есіммен танымал болды. Негізі шейхтің есімі Қадри болатын, ал әл-Әрнәут деген тіркеске келер болсақ, оның албандық шығу тегіне байланысты айтылған-ды, өйткені арабтар Албаниядан шыққан адамдарды әрнауттар деп атайды. ![]() |
Жәбрәйіл періште пайғамбарымызға (оған Аллаһтың
игілігі мен сәлемі болсын) келіп Ислам, Иман және Ихсан туралы сұрақтар қойған
хадисті бәріміз білеміз, иншааллаһ. Сол хахисте иман туралы сауалға Аллаһ
елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай жауап берген еді: «...Аллаһқа,
періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне, Ахырет күніне иман келтіруің. Және
тағдырға: оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіруің». Ал енді
иманның осы тіректерінің мағынасын тереңірек ашсақ!
Аллаһқа иман келтіру
Аллаһ Тағалаға иман келтiру мына төрт нәрсенi қамтиды.
Бiрiншiсi: Аллаһ Тағаланың бар екендiгiне иман
келтiру.
Аллаһ Тағаланың барлығына болмыс, ақыл, шариғат және сезiм дәлел бола алады.
Ал ендi, осыларға жеке-жеке тоқталып өтейiк.


